Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 4668 0 пікір 3 Желтоқсан, 2015 сағат 03:00

ОТЫРАР АУДАНЫ ӘКІМІ БРИФИНГ ӨТКІЗІП, ЕСЕП БЕРДІ

2015 жылдың 3 желтоқсанында облыс әкімінің бекітілген кестесіне сәйкес Отырар ауданының әкімі С.Полатовтың бұқаралық ақпарат құралдарына беретін баспасөз брифингісі өтті.

Отырар ауданы әкімінің 2015 жылдың 10 айының «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының орындалуы туралы баспасөз хабарламасы Мемлекет басшысының Жолдауында берілген тапсырмасына сәйкес ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысы қабылданды. Оның негізгі мақсаты болып жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтуға жәрдемдесу арқылы халықтың табысын арттыру, тиісінше өздігінше жұмыспен қамтылған, жұмыссыз және аз қамтылған азаматтарды жұмыспен қамту шараларының белсенді түрлеріне тарту арқылы жұмыссыздық және кедейлік деңгейін төмендету және өсуіне жол бермеу арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесу болып табылады.

2015 жылдың 3 желтоқсанында облыс әкімінің бекітілген кестесіне сәйкес Отырар ауданының әкімі С.Полатовтың бұқаралық ақпарат құралдарына беретін баспасөз брифингісі өтті. Брифинг барысында аудан әкімі С.Полатов ауданның 2015 жылдың 10 айындағы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының орындалуы туралы атқарылған жұмыстарына баяндама жасап, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қойған сұрақтарына жауап берді.

 Отырар ауданы әкімінің 2015 жылдың 10 айының «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасыныңорындалуы туралы баспасөз хабарламасы

Мемлекет басшысының Жолдауында берілген тапсырмасына сәйкес ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысы қабылданды. Оның негізгі мақсаты болып жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтуға жәрдемдесу арқылы халықтың табысын арттыру, тиісінше өздігінше жұмыспен қамтылған, жұмыссыз және аз қамтылған азаматтарды жұмыспен қамту шараларының белсенді түрлеріне тарту арқылы жұмыссыздық және кедейлік деңгейін төмендету және өсуіне жол бермеуарқылы халықтың әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесу болып табылады.

Отырар ауданында халықты жұмыспен қамтамасыз етудің 2011-2015 жылдарға арналған кешенді жоспары нәтижелі орындалуда.

Халықты жұмыспен қамтамасыз етудің кешенді жоспары бойынша осы жылдар аралығында 3809 адамды жұмыспен қамту жоспарланды, одан нақты жұмыспен қамтылғаны 5379 адам болып, 141,2 %-ға орындалды.

2015 жылға жоспар - 1239 болса, 10 айда 1708 адам жұмыспен қамтылып, 138 %-ға орындалды.

Оның ішінде санаттары бойынша жұмыссыздар есебінен 1022 адам жолданып (жоспар – 654 адам), жоспар 156 %-ға, өздігінше жұмыспен қамтылғандар қатарынан 686 адам жолданып (жоспар – 491 адам) жоспар 140 %-ға орындалды. Жұмыспен қамтылған халықтың 11 %- ы табысы аз азаматтар (160 адам) қатарынан болды.

Бірінші бағыт: «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бойынша 2011-2015 жылға жоба саны 31, оның ішінде инженерлік көлік инфрақұрылымын жөндеу 25 нысан, білім беру нысанын жөндеу 4, денсаулық сақтау саласы бойынша 1, мәдениет спорт саласы бойынша 1 нысанға күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Жоспар бойынша ашылатын жаңа жұмыс орны 305, нақты ашылғаны 307, бағдарлама арқылы жұмысқа орналасқаны 172 адам болып, жоспар 101%-ға орындалды. Бөлінген қаржы 639 млн. 83 мың теңге, игерілгені 626 млн. 25 мың теңге.

Екінші бағыт «Кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту» бойынша 2011-2015 жылдары кәсіпкерлік негізінде оқыту жоспары 127 адам, нақты орындалуы 208 адам, жоспар 163,8 %-ға орындалса, қаралған және игерілген қаржы сомасы 5 млрд. 797 млн теңге, ал шағын несиемен қамту жоспары 287, нақты орындалуы 472 адам, игерілген сомасы 1 млрд. 91 млн.теңге. Оның ішінде жеке ісін ашу үшін 240, жеке ісін дамыту үшін 232 адам несие алды. Атап айтар болсақ, мал бордақылау мақсатына 443 азамат 1 млрд. 11 млн. 95 мың.теңге, 7 азамат көлік жөндеу ісін ашуға 16 млн. 25 мың теңге, киім тігу, жиһаз жасауға 10 азамат 27 млн.теңге, құс, ара шаруашылығын дамытуға 7 азамат 21 млн.теңге, басқа салалар бойынша 5 азамат 15 млн. теңге шағын несие алды.

Ал, 2015 жылға шағын несиелеу жоспары 20 адам, қазіргі таңға 102 азамат өтініш білдіріп, 10 айдың қорытындысы бойынша 51 азамат 128 млн теңге несие алып, қосымша 72 жаңа жұмыс орны ашылды.

Мысал ретінде айта кететін болсақ, аудан тұрғыны Салменова Нұргүл Қыдырбайқызы 3,0 млн теңге несие алып мал бордақылаумен айналысса, Жамал Сымбат 3,0 млн теңге несие алып тігін цехын ашып, өз ісін дамытуда.

«Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» үшінші бағыты бойынша 2011-2015 жылдары 1975 азамат жұмысқа жолданып, жоспар 138,6 %-ға орындалды. Бұл азаматтар бос жұмыс орындары мен мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларды дамыту бойынша ашылған жұмыс орындарына жолданды.

Ал, есепті кезеңде үшінші бағыт аясында 1064 азамат бос жұмыс орындары мен мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларды дамыту бойынша ашылған жұмыс орындарына жолданып, жоспар 168,4 %-ға орындалды. Оның ішінде, тұрақты жұмыс орнына жолданғаны 735, мемлекеттік және аймақтық дамыту бағдарламалары бойынша 329 адам.

Әлеуметтік жұмыс орны бойынша жылдық жоспар 25 адам болса, нақты жолданғаны 36 адам , жоспар 144 %-ға орындалды. Қаралған қаржысы 4 млн 100 мың теңге, 10 - айда 3 млн теңге қаржы игерілді. Әлеуметтік жұмыс орындары 9 шаруа қожалығында ашылды. Оның ішінен мерзімі аяқталған 11 азамат жіберілген шаруа қожалықтарында тұрақты жұмыспен қамтылды.

Жастар практикасы бойынша жылдық жоспар 32 болса, нақты жолданған 41 азамат 26 мекемеде жұмыстарын жалғастыруда. Жылдық қаралған қаржысы 6 млн 900 мың теңге, 10-айда 5 млн 200 мың теңге қаржы игерілді. Жоспар 10 айдың көрсеткіші бойынша толығымен орындалды. Мысалға айтар болсақ, Әсенова Лаура Нұрланқызы “Отырар Сүт-Ет” Селолық тұтыну кооперативіне “Жастар практикасы” тағылымен технолог маманы ретінде жұмыс атқаруда.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының үшінші бағыты аясында 2012-2014 жылдары кәсіби оқуға жолданған азаматтардың 2015 жылы 96-сы оқуларын аяқтап, оның ішінен 82 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды. Орындалуы 85 %-ды құрап отыр. Кәсіби оқуды аяқтап, жұмыспен қамтылмаған 14 азаматтың 4-уі бала күтімінде, 10 азамат басқа облыс, аудандарға қоныс аударған.

Ауданымызда мүмкіндігі шектеулі азаматтарды осы аталған бағдарламаға қатыстыру жұмыстары ұдайы жүргізіледі. 2015 жылы мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту жоспары 89, одан осы жылдың 10 айында 80 азамат жұмыспен қамтылды. Бос жұмыс орындарына орналастыру бойынша 38 адам, бағдарламаның бағыттары бойынша 42 азамат. Оның ішінде 3 пайыздық квотамен 31 адам. Нәтижесінде жылдық жоспар 90 %-ға орындалып, бұл көрсеткіш жыл соңына толығымен орындалатын болады.

Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру жоспары 515 адам, 10-айда 502 азамат ақылы қоғамдық жұмысқа тартылып 97%-ға орындалды. Бұл көрсеткіш жыл соңына дейін толығымен орындалатын болады.

Алдағы уақытта «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша тиісті деңгейде жұмыстар атқарылып, жоспар көрсеткіштері жоғары болады деп сенім білдіремін.

otyrar.gov.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371