Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 3928 0 пікір 3 Желтоқсан, 2015 сағат 03:00

БӘЙДІБЕК АУДАНЫНА ГАЗ КЕЛДІ


Кеше аудан тұрғындары көптен күткен көгілдір отын, яғни «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырынан таратылатын газ құбыр бұрғышы және «Шалдар»  автоматтырылған  газ тарату стансасын іске қосу  рәсіміне куә  болды.

Газ беруге және газ алауын жағуға байланысты өткен салтанатты шараға  Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов,  «КазТрансГаз» акционерлік қоғамының  бас директоры  Қайрат Шәріпбаев  және мердігер ұйымдарының өкілдері мен аудан тұрғындары қатысты.

Салтанатты рәсімде өңір басшысы  Б.Атамқұлов  құттықтау сөз сойлеп ашып,  аталған жобаны іске асыру,  жалпы ұзындығы 32 километрді құрайтын АГТС-ты және «Бейнеу-Бозой-Шымкент»   магистральдық газ құбырынан оған тартылатын газ құбыр бұрышын салу «КазТрансГаз» АҚ-ның директоры  өз қаражаты есебінен жүзеге асырылғанынғ халыққа қажетті игі іс жалғасын табатынын айтты.

Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген  «ҚазТрансГаз»  АҚ-ның директоры  Қайрат Шәріпбаев  компания халықтың әл-ауқатын  көтеруге аса көңіл бөлетіндігін атап өтті.  Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Назарбаевтың  Қазақстан Халқына Жолдауын іске асыру аясында «ҚазТрансГаз» АҚ жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, республиканың  өңірлерін газдандыру жөнінде белсенді жұмыс жүргізуде.

Ал іс-шара соған толықтай айғақ болмақ.   Бәйдібек ауданын газдандыру  жөніндегі жобаның маңызды экономикалық мәні бар.  Біз айтылған уәделі уақытта, дәл жылыту маусымы басталған кезде  аудан халқы көптен күткен  көгілдір отынды бердік.  Енді осы  үлкен  ауданның  52 елді мекенінде тұратын 55 мыңнан астам тұрғын алғаш рет ең ыңғайлы отын түрін алуға мүмкіндік алып отыр.

Көгілдір отын алғаш рет Шаян ауылындағы Ұлы Отан соғысының ардагері Бейсенбек Игісіновтың шаңырағында жағылды.  Облыс әкімі ардагерге шапан жауып, қуанышымен құттықтады.

Қуанышты күндегі салтанатты жиынға ағылған халық  ақ жауынға қараған жоқ.  Аудан әкімдігі ғимараты алдында  ақшаңқай әсем тоғыз бірдей киіз үй тігіліп, әуезді ән төгіліп тұрды.  Әуелі жиналған дүйім жұрт  «Алтын күз»  жәрменкесіне орай  барлық ауыл әкімшіліктері ұсынған  өнімдерді аралап көріп, қажеттісін сатып алды.  Одан кейін жұртшылық «Жастар сарайы» мекемесі жанына жағалай ауданымыздың білім ошақтары алып келген көрмені тамашалап, ерекше бұйымдарды қызықтады.

Аудан халқы ұлан асыр тойын өз тойынан кем көрмей арнайы ат басын бұрған есімдері елге танымал жерлестеріміз лебізге толы ықыластарын білдіріп жатты. Қуанышты күнге А.Леубаева бастаған айтыскер ақындарымыз да келді.  Орталық алаң төріне қойылған лэд экран арқылы тұрғындар  Бәйдібек ауданына  келуін білдіретін символикалық факел  алауының жағылуын тамашалады. Мәдениет үйінің әншілері концерттік бағдарламасын ұсынса, алғабастық цирк өнерпаздары бұл шарадан қалыс қалмай, өнерлерін көрсетті.

baydibek.gov.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371