Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 5591 0 пікір 3 Желтоқсан, 2015 сағат 03:00

ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСАДЫ

2014 жылы қала бойынша 6728800 теңгеге күрделі жөндеуден өткен 9 көпқабатты тұрғын үй (522 пәтер) тұрғындарының қол қойған үш жақты келісім-шарт және кестеге сәйкес несиені уақытылы қайтаруына бақылау жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Қазіргі таңға, 10 айдың қорытындысы бойынша тұрғындар тарапынан қайтарылған қаржы 3536469 теңгені құрап, 100 пайыз орындалды. Бөлім тарапынан бүгінгі таңда әр пәтер иелерін аралап, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Төрехан Сүлейменов айтып өтті.

Жаппы қала бойынша 358 көпқабатты тұрғын үй бар. Кентау қаласы бойынша 2015 жылы 37 көпқабатты тұрғын үйлерді жөндеу жұмыстарынан өткізу жоспарланған. Бүгінде олардың құжаттары заң аясында күрделі жөндеуден толық өтуге дайын және ОҚО тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқармасы арқылы ҚР Ұлттық экономика министрлігіне тапсырылған. Бөлінетін қаржы қараша айында республикалық бюджетті нақтылау кезінде қаралатын болады.

ҚР «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында Кентау қаласында пәтер иелерінің кооперативін құру (КСК) бойынша бөлім жоспары түзіліп, қала әкімінің орынбасарымен бекітілді. Қыркүйек айында - 1 ПИК (КСК), қазан айында - 4 ПИК (КСК), барлығы-5 ПИК (КСК) құрылып, қалалық әділет басқармасынан тіркеуден өтті. Қазіргі таңда, межеге сәйкес, қараша айында құрылатын ПИК (КСК) бойынша тұрғындармен кездесулер өткізіліп, түсіндірме жұмыстары негізінде құжаттарын рәсімдеу жұмыстары атқарылуда.

2016-2017 жылдарға жөндеу жұмыстары жүргізілетін көпқабатты тұрғын үйлер анықталып, тұрғындармен кездесулер өткізіліп, келісімін алу жұмыстары жүргізілуде, сонымен қатар, осыған қатысты тиісті құжаттары дайындалып, рәсімделуде.

Құрылыс саласында атқарылған жұмыстар туралы қала әкімдігінің баспасөз орталығында журналистермен өткен брифингте қалалық құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы Е.Алдыбаев атап өтті.

Кентау қаласында С.Сейфулин көшесіндегі №114 мекен жайда орналасқан бес қабатты 60 пәтерлік тұрғын үй құрылысы бой көтеріп, тұрғындарға пайдаланылуға берілді.

«Болашақ», «Батыс» және «Жұлдыз» мөлтекаудандарының инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің құрылысының конкурстық құны 1928825,789 мың теңгемен нысанның құрылысын «Бетон Instruction» ЖШС жүргізуде. Моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында былтырғы жылы 500000,0 мың теңге қаралып толығымен игерілген болатын, ал биылғы жылы 2015 жылға 400000,0 мың теңге қаралды. Қазіргі таңда мердігер мекеме тарапынан нысанның кәріз жүйесі жүргізіліп, суағарларының (лоток) бірқатары орнатылды және асфальт жол төсеу үшін бастапқы жұмыстары жүргізілуде. Нысан алдағы жылда жалғасын табады.

«Шұғыла» мөлтекауданының инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің құрылысын «Нұрай құрылыс жолы» ЖШС жүргізуде. Нысанның құрылысына жалпы конкурстық құны 1270205,372 мың теңге қаралып құрылыс жүргізілуде. Сонымен қатар аталған мөлтекауданда ауыз су құбырларын орнатуға ағымдағы жылы 94000,0 теңге қаралып, мердігер мекеме тарапынан нысанның кәріз жүйесінің қазба жұмыстары жүргізілуде.

Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылы, Шаштөбе көшесіндегі №85 мекенжайда 300 орындықты орта мектеп салынды. Мектептің құрылыс монтаж жұмыстары толығымен аяқталып, мемлекеттік қабылдау комиссиясынан өтіп, 2015 жылдың 15 шілдесінен бастап нысан пайдалануға берілді. Жалпы құны 463912,310 теңге қаралып құрылыс жұмысын «Алаш Тараз» ЖШС жүргізді.

Ал, қаламыздағы Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайының қайта құру жұмыстарын «Real-building» ЖШС жүргізді. Нысан толығымен аяқталып, 27 тамызда мемлекеттік қабылдау комиссиясынан өтіп мекеме қолданысқа берілді.

Кентау қаласына қарасты Байылдыр ауылында С.Қожанов атындағы 200 орындықты мектеп құрылысы бой көтеріп келеді. Мектептің құрылыс жұмысын орындауға бас мердігер «Тепловодостройсервис» ЖШС жүргізуде. 50000,00 мың теңге қаралған нысан қазіргі таңда іргетасы құйылып, бірінші қабаттың қабырғасы көтеріліп, бірінші жаппасы жабылған. Құрылыс жұмысы келесі жылы да жалғасын табады.

Кентау қаласы Ы.Алтынсарин көшесінде №12 мекенжайдағы бұрынғы салынған 100 орындық бала-бақшасына қайта жаңару жұмыстары жүргізілуде. 2015 жылдың 14 қыркүйегінде электронды конкурс жеңімпазы болып «Жаңа Арна 2002» ЖШС мен келісім шарт түзіліп, осы уақыт аралығында құрылыстың ішкі және сыртқы ескі сылақтары қырылып, жаңадан сылақ жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар шатыры ауыстырылып, қоқыстары шығарылды. Негізгі нысан келесі жылдың еншісіне қалды.

- Біздегі құрылыс жұмыстарының барлығы сапалы жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары біткен соң мемлекеттік бақылаушы тарапынан комиссия келіп, тексерістен өткізеді. Алдағы уақытта Шұғыла мөлтек ауданында бес қабатты сегіз тұрғын үй салынады деп жоспарлап отырмыз. Онда тоғыз көше орналасатын болады, - деді қалалық құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы Е.Алдыбаев.

Кентау қаласы әкімдігінің ресми сайты

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371