РЕСЕЙ - КЕДЕЙДІҢ СОТҚАР БАЛАСЫ...
Батыс елдері оқу өтіп кеткен, шіренген, өзінен төменді менсінбейтін, көршісінің өсіп тұрған алма бағына көз сүзіп, жерін тартып алғысы келіп, сұқтанып қарап тұратын бай баласындай елестейді.
Ресей - қара күші бойына сыймаған, білімі аз болса да намыстан өліп кете жаздайтын кедейдің сотқар баласы сияқты көрінеді де тұрады. Әлгі тәкаппарлар: "Ей бейшара кедей, сен сорлы несіне қоқаңдайсың, алдымен қарныңды тойғызып алсай. Жұмыс таппасаң біздің атқораны тазала", - деп тұрғандай болады. Сосын намыстан жарылардай терісіне сыймай тұрған кедей баласы төбелесе кетеді. Беті қандала болған бай баласы жылап, әкесіне айтып береді. Әкесі әлгі кедейдің айырып отырған титтей нәпақасының жолын кесудің әрекетіне көшеді. Кедей байғұс дымы қалмағасын төбелестің көкесін көрсетеді.
Дәурен Әбдіраманов
Facebook-тегі парақшасынан