Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 4420 0 пікір 1 Желтоқсан, 2015 сағат 03:00

АСТЫҚ ӨНДІРУДЕ ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫ КӨШ БАСЫНДА

    Облысымыздағы ауыл шаруа­шылығы саласының еңбеккер­лері үстіміздегі жылды табысты қорытындылап, «Алтын күз» салтанатты жиынында  озаттар үлкен құрметпен марапатталды.  


   Облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов биыл мол өнім алған дихандарды арнайы алғыс хаттармен марапаттады.

   Алдымен, өңір басшысы еңбеккерлерді келешектің жоспарымен таныстырды. Белгілісі сол, енді аймақтарда ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа жобасы жасалады. Әрбір ауданда арнайы техника станциялары құрылады. Одан бөлек, төмен пайызды несиелердің дені бұдан былай игерілмей жатқан жерлерді пайдалануға бағытталады.

  Енді аудандардың көрсеткіштеріне тоқталсақ. Астық өндіру саласы бойынша Қазығұрт ауданы облыста көш бастап тұр. Биыл онда қырық мың бір жүз гектар алқапқа егін егіліп, гектарынан 24 центнерден өнім алынған. Ал, ауданның мақтаулы  шаруасы Мәди Тайсалов озат астық өндіруші болып танылды. Сондай-ақ, мақсары өндіруден ІІІ-орынды иеленген Қазығұрт ауданы марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.

 Одан бөлек биыл ауданымызда мемлекеттік бағдарламалардың орындалу деңгейі де жоғары. Мәселен,  жылыжай көлемі 82,8 га жеткізілді. Ағымдағы жылға берілген 8 га жылыжай салу тапсырмасы 9 айда 8,18 га болып орындалып 102,3 пайызды құрады.(Олардан өндірілген өнім 32800 тонна Алматы, Астана, Шымкент қалаларына сатылуы қамтамасыз етілді.)

       Тамшылатып суару әдісі қолға алынып барлығы 1543 га жерге осы әдіс ендірілді.  Қақпақ, Қызылқия ауыл округінде биылғы жылы «Аманкелді» ЖШС 200 га жерге жеміс-жидек екпелерін егіп, көшет өндіру жұмыстарын қолға алды. Тапсырмадағы 850 га тамшылатып суару әдісін ендіру 9 айда 596,8 га немесе 70,2 пайызға орындалды. 

          Соңғы жылдары интенсивті бау егу жұмыстары қолға алынып, «Алтынтөбе» ЖШС-мен 500 га егістік жер бөлініп, бүгінгі таңға тамшылатып суару әдісімен 20 га бау егілді. Сондай-ақ «Аманкелді» ЖШС-гі ағымдағы жылы Қызылқия, Қақпақ ауыл округтерінде 180 га бау отырғызды.

Суғармалы жерді ұлғайту бойынша тұрақты жұмыстар жүргізілу нәтижесінде 2 жыл көлемінде 3790 га суармалы жер айналымға қосылды. Тапсырмадағы 1100 га суармалы жерді ұлғайту есепті кезеңде 1100 га немесе 100 пайызға орындалды. 

 «Сыбаға» бағдарламасымен 800 бас аналық мал басын алу тапсырмасы берілген болса бүгінгі таңға 1100 бас аналық мал басын сатып алып, тапсырма 137,5 пайызға орындалған.

«Құлан» бағдарламасы бойынша 280 бас аналық мал басын алу тапсырмасы ағымдағы жылдың 9 айында 351 бас болып, 125,4 пайызға орындалып отыр. 

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша 1500 мал сатып алу тапсырмасы 1800 бас болып 120 пайызға, жұртшылық табынға асыл тұқымды бұқа сатып алу тапсырмасы 30 бас болса бүгінгі таңға 75 бас алынып, 250 пайызға орындалған.

Жыл басында ауданда 6 мың басқа жуық ірі қара мал 210 алаңдарында бордақыласа, есепті кезенде 530 алаңдарына жетіп, 8000 басқа жуық мал бордақылау жұмыстары жүргізуде.                                          

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

  

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5340