Жұма, 22 Қараша 2024
Уақ-түйек... 4460 0 пікір 30 Қараша, 2015 сағат 03:00

ШЫМКЕНТТЕ ЭЛЕКТРОНДЫ БИЛЕТ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛЕДІ

Жуық арада қала қоғамдық көлік қызметі толғымен электронды билет жүйесіне енгізіледі. Бұл туралы Шымкент қаласының баспасөз қызметі хабарлайды. 

Шымкентте Кореялық  «Korea Smart Card» компаниасы өкілдерімен кездесу өтті. Нәтижесінде ОҚО әкімінің тапсырмасына сәйкес, қаладағы қоғамдық көліктерде электронды билет жүйесін енгізу туралы меморандумға қол қойылды. 
Енді таяу арада жол жүру ақысының толығымен автоматты жүйеге енгізілуі 100 пайыз инвесторлар есебінен жүзеге асырылады. Электрондық қондырғыларды автобустарға орнату, арнайы жол жүру  картасын шығаруды толығымен өз қаражаттарымен орындамақ. 
Қуантарлығы, бұл қызмет түрі мұнан былай көлеңкелі жолмен табыс тапқысы келетін қоғамдық көлік компаниаларынның жұмысына тосқауыл қояды. Сонымен қатар жолаушылардың қала ішінде еркін қозғалуына жағдай жасайды. Яғни, бір карта арқылы барлық автобуста қатынауға мүмкіндік туады. 
«Korea Smart Card» компаниясы IT-консалтинг саласы және автоматты  жол жүру билетін сату бойынша әлемдегі ең үздік инвестициялық ұйым болып табылады.  
Аталмыш компания 2004 жылдан бері 97 миллионнан астам электронды картаны жүйеге енгізген. Дәлірек айтсақ, 24 мың автобекетке және 10 мыңнан аса метроның кіре берісіне электронды билет жүйесін орнатқан. Сонымен қатар, кореялық компания Сеул қаласының астаналық муниципалитетінің  36,16% «LG Group» компаниясының 32,91% акционер есебінде иелік етеді. Бұған дейін электронды билет жүйесін Малайзия, Тайланд, Вьетнам, Ресей, Жаңа Зеландия, Колумбия елдерінде сәтті қолданысқа енгізген. 
Алдағы 10 күн ішінде кореялық мамандар Шымкентке келіп, қоғамдық көлік саласына зерттеу-зерделеу жұмыстарын жүргізеді. Бірер ай ішінде, қаладағы қоғамдық көлік саласы толығымен электронды билет жүйесіне көшіріледі. 
Естеріңізге сала кетер болсақ, аталған жүйе "Ақылды қала" жобасы аясындағы маңызды қадамдардың бірі.  Шымкенттің 2020 жылдарға дейінгі даму тұжырымдамасын таныстыру барысында қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қоғамдық көліктегі проблемаларға баса назар   аударғандығын айтқан болатын. Сонымен қатар, Астана, Алматы, Қызылорда қалаларының үлгісінде коммуналдық автопарк ашу қажет екендгін жеткізген еді.
Айта кетерлігі, бүгінде  шаһарда 27 көлік компаниясы 81 бағытта 1198  кестемен қызмет көрсетеді. Қоғамдық көліктерде жол ақы тарифі басқа қалалармен салыстырғанда төмен.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5332