Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5064 0 пікір 25 Қараша, 2015 сағат 13:53

АЛЛАНЫҢ ҮЙІН "ҚҰМАР ҮЙІМЕН" ШАТАСТЫРМАЙЫҚ!

Бауыржан Байбектің Алматы қаласының бас жоспарына байланысты біраз алға қойған мақсаттары бар екендігінен хабардармыз. Тіпті жуырда осы мәселеге байланысты үлкен жиын өткізетін көрінеді.

Қала тұрғыны ретінде менің де ұсынысым бар. Халқының саны екі миллионға жетіп қалған алып шахарда Алланың Үйі- мешіттерді ыңғайсыз жерлерге салуды тоқтату керек! Мұсылман қауым мінәжәт ететін мешіттердің көпшілігі жол үстіне, машина кептелісін тудыратын орындарға салынған. Әсіресе, жұма күндері халыққа тіпті қиын. Арнайы автотұрақтар болмаған соң мешіт маңайында кептелістің "көкесі" болып жатады. Оның үстіне мешіт маңайында "құмар үйлердің" маңдайшалары жарқырап тұрғаны тіпті ыңғайсыз. Алматыдағы Жандосов пен Розыбакиев көшелерінің қиылысындағы Алланың үйін "құмар үйімен" шатастырып алуыңыз әбден мүмкін. Басқа жер жетпегендей "Олимп" букмекерлік мекемесінің мешіттің қолтығына кіріп алғанын қалай түсінуге болады? Байбек мырза, қолыңыз бір қалт еткенде әлеуметтік желіге де бір үңіліп қоятыныңызды естіп едік, бұл жолы да байқап қалар деген үмітіміз бар.

Арман Сқабылұлы

Facebook-тегі парақшасынан

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5338