Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 7886 0 пікір 20 Қараша, 2015 сағат 13:22

ОҢТҮСТІКТЕ КІЛЕМ ӨНДІРІСІ ЖАНДАНА ТҮСПЕК

«Оңтүстiкқазақстандық кiлем шығаратын «Бал Текстиль» ЖШС жартылай пропилендi жiптер шығару мен кiлем өндiрiсiн кеңейту бойынша өз жобасының екiншi кезеңiн iске қосты» деп хабарлайды «Даму» қорының сайты.

Бүгiнде «Бал Текстиль» ЖШС-i – Қазақстандағы iрi кiлем фабрикаларының бiрi. Кәсiпорын кiлемдер мен «BCF», «Heat-Set» , «Frize» таңбалы синтетикалық жартылай пропилендi жiптерден тоқылған қазiргi заманғы кiлемше бұйымдарын Бельгияда жасалған «MICHEL VAN DE WIELE » құрылғысында тоқып шығарады. Өнiм «Тұран», «Хан-Тәңiрi», «Лидер», «Алатау», «Сарыарқа», «Барыс», «ANTIQUE IMPERIAL», «ASTANA DELUXE», «VIZION», «FRIZE», «KASHAN», «SILK» таңбаларында шығарылады. Барлық кiлемдер жоғары сапалы әрi бағасы қолжетiмдi.

– Кiлем өндiрiсi үшiн шикiзатты Түркиядан, Бангладештен, Үндiстаннан, Ресейден және тағы басқа елдерден алып келемiз. Импорттаушыларға тәуелдi болған тиiмдi емес, сондықтан бiздiң компания әуелден-ақ жартылай пропилендi жiптер шығаруды стратегиялық жоспарлаған. Биыл «Даму» қорының қолдауымен өндiрiстiң екiншi кезеңiн аяқтадық. Ендi қажеттi жартылай пропилендi жiптер бiздiң фабрикада шығарылады. Бұл бiзге өнiм бағасын 20% төмендетуге мүмкiндiк бередi, – дейдi фабриканың атқарушы директоры Жомарт Керiмшеев.

Жартылай пропилендi синтетикалық жiптер Францияда жасалған «SUPERBA», Германияда жасалған «Allma Volkmann», «Oerlikon Neumag» фирмалары құрылғыларында шығарылады.

«Бал Текстиль» компаниясы «Даму» қорымен жүзеге асырылатын жеңiлдiк бағдарламасының шеңберiнде қаржыландырылады. Нәтижесiнде компания қажеттi құрылғыларды сатып алып, өндiрiстiк үдерiстi ретке келтiрдi.

Фабриканың өндiрiстiк қуаттылығы жылына 2300-5000 мың шаршы метр кiлемдер мен кiлемше бұйымдарынан бастап, 3000 тонна жартылай пропилендi жiптердi құрайды. Фабрикада 200 адам жұмыс iстейдi.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407