Сенбі, 23 Қараша 2024
Уақ-түйек... 4077 0 пікір 19 Қараша, 2015 сағат 03:00

Шымкентте алып жылу қазандығы пайдалануға берілді

Коммуналдық салаға қатысты тағы бір жағымды жаңалық. Шымкентте республикада теңдесі жоқ қазандық іске қосылмақ. Құны 3 миллиард тенгеден асатын жылу тарататын бұл қондырғы болашақта Шымкент халқының 85 пайызын қыстыгүні жылумен қамтамасыз етпек. Құрылысы осыдан бір жыл бұрын басталған нысан жуық арада шымкенттіктер үшін кәдеге жарамақ – деп хабарлайды Абай порталы Шымкент қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Коммуналдық салаға қатысты тағы бір жағымды жаңалық. Шымкентте республикада теңдесі жоқ қазандық іске қосылмақ. Құны 3 миллиард тенгеден асатын жылу тарататын бұл қондырғы болашақта Шымкент халқының 85 пайызын қыстыгүні жылумен қамтамасыз етпек. Құрылысы осыдан бір жыл бұрын басталған нысан жуық арада шымкенттіктер үшін кәдеге жарамақ. 
Бұл алып қазандық алдағы маусымда жаңа әкімшілік іскерлік орталығын жылумен, жылдың төрт мезгілінде ыстық сумен де қамтамасыз ете алады. Германиялық қондырғылардың құны қымбат болғанымен, №3 энергоорталықтың қызметін толықтай атқаратын мүмкіндігі бар. 
Бейсенбек ЖАНБОСЫНОВ, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары:
- Бұл Шымкент қаласы үшін тарихи жәйт деп айтуға болады. 162 Гкал қазандық 1.5 миллион квадрат шаршы метр аумақты жылумен толық қамтамасыз етуге қауқарлы. Қуаттылығы, жаңа құрылғының ескі жылу қазандықтарына қарағанда жылу тарату күші 10 есеге көп. Қазіргі таңда «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы аясында пайдалануға берілген 15 тұрғын үйді жылуға қосуда. 
Мамандар алдамен қазандықтағы 5 жылытқыштың тек екеуін ғана іске қоспақ. Олар Шымкент қаласының шығыс бөлігін толығымен жылумен сапалы түрде қамтимыз деп отыр. Ал қалған жылытқыштар қажетілікке қарай іске қосылады.
Болашақта Шымкент қаласында дәл осындай тағы бір қазандық салынса, қала тұрғындары да, әлеуметтік нысандар да жекенің қолындағы №3 энергоорталық сияқты жеке мекемеге тәуелді болмайды. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1480
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475