Сенбі, 23 Қараша 2024
Шынның жүзі 5690 0 пікір 18 Қараша, 2015 сағат 15:50

ШӨКЕЕВТІ ТЫҢДАМАЙДЫ. НЕГЕ ТЫҢДАМАЙДЫ?..

"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының төрағасы Өмірзақ Шөкеев Назарбаевтан өзіне одан да жоғары билік беруін сұрады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкіметтің Ақордадағы кеңейтілген отырысы барысында Шөкеев қорды өзгертетіндігі жөнінде ойы  бар  екендігін, ол  үшін тәртіптің қажет екенін айтты. «Өзгертулер шұғыл әрі пәрменді түрде орындалу үшін тәртіп керек», — деді қордың басшысы.

«Ол тәртіпті кім орнатады?», — деп сұрады Назарбаев.  

«Сені тыңдамай ма?», — деп сөзін жалғады Президент. «Тыңдамайды дегенде, мысалы, мен өкілдіктер бойынша (Шетелдегі «Самұрық-Қазына» — Tengrinews.kz.) бір жыл бұрын басқарма шешімін шығардым, бірақ түрлі себептермен ол өкілдіктер әлі жабылған жоқ», — деді Шөкеев.

«Сен жассың, білімдісің, күшің тасып тұр, саған өкілеттілік берілді, қызметің бар, сен "мені тыңдамайды" деп шағымданбақшысың ба? Сенің аузыңнан бұл сөзді естудің өзі ыңғайсыз екен. Кім тыңдамайды, ал айт? «Самұрық-Қазынада» Өмірзақты кім тыңдамайды?», — деп сұрады Мемлекет басшысы. «Ол жерде мүдде жетерлік, маған сіздің бір ауыз сөзіңіз керек болды», — деп жауап берді Шөкеев.

P.S. Кім не десе де бұл арада Өмірзақ Шөкеев сөзінің жаны бар. Расында, "Самұрық-Қазына" әл-ауқат қоры дегеніңіз - мемлекет ішіндегі мемлекет сияқты төтенше құрылым. Қазақ бұндайды "үй ішінен үй тіккен", - дейді. Сол "үй ішінен тігілген үйде" анау-мынауларды тыңдай бермейтін "үлкен" адамдардың мүдделері қайшыласып жатыр. Өйткені "Самұрық-Қазына" бар жерде ақша, ал, ақша бар жерде түрлі тараптың талабын күйттеген мүдделер бар. Сондықтан аталған қордың қызметкерлері Өмірзақ Естайұлының басшылығын ескере бермеуі әбден мүмкін. Президенттің аузынан қор төрағасына қаратып: "Сен өзі ақшаға тоймайды екенсің!"- деген сөзді айтқызып жүрген де сол мүдделер қайшылығы болса керек. Ендеше, Өмірзақ Шөкеевтің өтінішіне Президенттің мән беріп, құлақ асқаны жөн.

Abai.kz  

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5470