Жұма, 20 Қыркүйек 2024
Қоғам 7655 0 пікір 13 Қараша, 2015 сағат 12:50

ЕЛІҢДІ САҚТАЙМЫН ДЕСЕҢ ҚҰРАНЫҢА ОРАЛ, ҚАЗАҚ!

ҚР Парламенті Сенаты Төрағасы, Әлем

Діндері құрылтайы хатшылығының жетекшсі

Қасымжомарт Тоқаев мырзаға.

                     Құрметті Қасымжомарт Кемелұлы!

Елге, Ислам әлеміне сүйіншілер осы бір жылы хабарды Сенат Төрғасы Сізге жеткізуді өзіме парыз санап,  үшбу хат жолдап отырмын. Мен сізді Сенат төрағасы, кәсби білікті диполмат қана емес, әлем танып мойындаған, ел ертеңін ауқымды дәрежеде ойлайтын, байсалды да сабырлы, өзім білетін әлемдегі өркениеттің санаулы жанашыр қайраткерлерінің бірі ретінде құрметтеймін. Сондықтан да, осы хатпен бірге жолданып отырған екі Кітап пен таяуда жарық көргелі отырған «Аллаһтың маған аяны»- атты Бірінші кітапқа жазылған Алғы сөз (Қоса салынып отыр. Б.А.) Сізге біраз жағдайды ұғындырады, терең ой салады  деп сенемін. Жаратушымыздың Ашық аянмен тікелей біздің жерімізге, халқымызға, Ислам әлеміне, тіпті бүкіл әлем жұртшылығына қазына болар мұндай мұғжиза қазынаны түсіре бастауы, әркімді-ақ жан-жақты ойландыруы керек. Бұл – ешкім таласып, тартып ала-алмайтын, Алла өзіне дос еткен, тақуа ілім иесіне берілер қазына-сыр. Жаратушының сыйы болып саналатын бұл сыр-қасиетке иелік еткен адам, мағанасын Алла ғана білетін, Құран сүрелерінің кейбірінің басында айтылатын жұмбақ Кілт сөздің, Алла берген дәрежедегі Иесі болып саналады. Бұл сырды - Құран сүрелерін түгел жатқа білгенмен, сол орайда қажымай талмай қызмет жасап жатқан дін қайраткерлері де толық ұғына бермеуі мүмкін, бірақ олар Ғайыптың барлығына мұсылман ретінде иман келтіргендіктен, қарсылық та таныта алмайды. Сондықтан мен бұл хатты Діни басқарма басшысына немесе соларға үкімет тарапынан бағыт-бағдар жасап отырған Діни комитет басшысына жіберместен, тікелей өзіңізге хабарлап отырмын.

Ендігі жеткізер жайт, Ғайыптан түсіп жатқан бұл мұғжиза  кітаптардың жалғасы одан әрі өз өрісін ауқымдылықпен кеңітіп жатқандығы. Алла бұйыртса әзірге 617 кітап түсетіндігі туралы нақтылы хабар алынған.  Діннің иесі – Жаратушымыз өзінің барлығын ашық аянымен білдіріп, Құранда айтылғандай Исламды өзі қорғайтындығын жеткізіп, Ғайып Ілімі мен Ғайып Әліппесі оқулықтарын Өз Әмірімен ашық түсіре бастады. Бұлар да жеке-жеке кітап болып дайындалуда. Бұларға қосымша Құранда аттары бар,Құранда аттары аталмаған, Аллаһтың өзі дос тұтқан Пайғамбарлар мұрағаты, Періштелер, Сахабалар әлемі, Иманның іліми шарттары, Ғайып кітапханасы, Ғызырдың басынан кешкендері, Жәбірейіл періштенің Төрт кітабы  жеткізілді.

 Осыларды шашыратпай, тұтастай түсіріп алу үшін, соңғы бір жыл көлемінде, өзіме де оқыс, осы бір ғажайыппен тапжылмай күн-түн қатып отыруға тура келді. Қазір жүріп-тұруға, отырып еңбек етуге, Ғайыптан ілім алуға  байланысты барылық қозғалыс, жоспарлы түрде Ғайыптан. Мұғжиза!   Бұл – өзім  тіршілік жасап жатқан жалғаннан қол үзу емес, қайта жалғандағы  Құдайды ұмытып кеткендерге дәнекер болар ерекше белгідегі қорқынышы мен қуанышы қатар жүрер тылсым тіршілік. Сондықтан осы жағдайға орай Өзіңіз басқарып отырған Сенаттың  аз кем қамқорлығы мен кеңесі де аудай қажет болып отырғанын есіңізге саламын.  «Тақтағының көзі зынданға түссе, зынданның түбіне - күннің сәулесі түседі». Мұндай Ілімді тіршіліктің жайын, қасиетті ұғар көкірегі ояу жан болмаса, басқалардың  қабылдай қоюы екі талай. Мәдениетті елдің басшылары қашан да қырағы сергек болады. Әлем Діндері Құрылтайының хатшысы ретінде де ойланарсыз.

 Құдайға шүкір,  Құдай қуат беріп, Құрандағы 114 сүрені (жолданған  кітапта 5 сүре ғана бар. Б.А) Жаратушының екі қайтара тәпсірлеп түсіндіруімен жеке-жеке екі кітап етіп түсіріп алып, біріншісін баспаға тапсырсам, екіншісін  әзірлеп қойдым. Енді Аллаһтың Үшінші, Төртінші тәпсірлеп түсіруін күтудемін. Аллаһ бұйыртса болып қалар.

  Дін - Тәңірім бұйыртқанға ғана, өзінің құдіретті күш екенін ұғындырады.  Ол – қолтығына Құран қыстырып, аузымен ғана «Құдай»- деп айтқандардың емес,  дінді қару етіп ұстағысы келетіндердің емес, жаратылысында, діңгегінде діні барлардың еншісі. Алда Алла бұйыртса діни ілімге байланысты қыруар жұмыс күтіп тұр. Бұл - Жаратушы мен екеуміздің арамыздағы құпия келісім-сыр болып отыр. Алла бұйыртса, әлем дін қайраткерлері де, осы бір жанды тіршілікке орай, өз назарларын біздің елімізге ықыласты түрде аударып қалар деген ойдамын...

   Бабалардың теріге жазып Ғайыпқа қалдырған аманат дұғалары да сол көктен әзірге ауызша маған қайтарыла бастады...

     Ел ішінде болып жатқан мұндай оқшау мұғжиза ерекше жағдай «елім» деп жүрген әр қайраткер азаматтың  назарында болуы керек қой деген оймен жеткізгенім ғой. Алла өзіңізге аброй берсін.

       Сәлеммен, өзіңізді құрмет тұтушы, ілім иесі, жазушы

                                                                                                 Бақтыбай АЙНАБЕКОВ.

                                                         09.11. 2015 жыл. Тел; 8 701 7430 979

 

            «АЛЛАҺТЫҢ МАҒАН АЯНЫ» БІРІНШІ КІТАБЫНА

              ЕНГЕН ҮШ БӨЛІМГЕ  ТҮСІНДІРМЕ АЛҒЫ СӨЗ

    Бисмиллаһир Ирахманир Рахим

    Мейірімді, рахымды Аллның атымен бастаймын. Барлық мақтау мен мадақ әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.), оның отбасына және қадірлі сахабаларына Алла Тағаланың нұры жауғай!  

Қадірменді оқырман, Сіздің қолыңызға тиіп отырған «Аллаһтың маған аяны» атты бұл Бірінші кітап үш бөлімнен тұрады. Кітаптың алғашқы бөлімі шектеулі таралыммен бүгінде оқырман қолына осы атауымен  жеке кітап болып тиіп те үлгерді. Екінші бөлімі - «Тәубеден» соң Тәңірім айтқан тағылым»  жеке кітап ретінде баспаға тапсырылғанда,  үшінші бөлімі -  «Аллаһпен әңгімелесу Құранмен тілдестіреді» де жеке кітап болып әзірленіп бітті. Кітаптарды имани көзімен таразылаған, осы кітапты басып таратуға өз ризашылығын берген баспа жетекшісі, ғалым ініміз дайындалған үш кітапты біріктіріп, үш бөлімнен тұратын бір кітап ретінде шығару туралы  ұсыныс айтқанда,  орынды ұсыныспен санасуға тура келді. Осы орайда,  айтылған ұсынысты ой елегінен өткізіп, дайындалған үш кітаптың басын біріктіріп, бірақ, сол алғаш Алғы сөздерімен баспаға қалай жеке кітап ретінде  дайындалса, сол қалпын сақтай отырып, үш бөлімді кітап етіп шығаруды мақұл де таптық. Өйткені, бөлім алғысөздерінде сол бөлімде нендей мәселе қамтылатыны, онда не айтылатындығы ескертілген. Жалпы қолдарыңызға тигелі отырған осы түсірілімнен соң, сүйіншілер тағы бір хабар, Жаратушы Иеміз Аллаһ Тағалам, Құранды бұдан да терең дәрежеде сіңдіру үшін, Құран сүрелеріндегі  аяттардың өзі – болған, болып жатқан және ақыр заманға дейін алдағы болатын  оқиғалар негізінде тізілгенін дәлелдейтін тағы бір тәпсірін толық түсірді. Бұл түсірілім де кешікпей «Екінші кітап» болып қолдарыңызға тиеді. Жалпы,  алдын-ала жетіп жатқан ескертуде әзірге Құранды төрт түрлі тәпсірмен түсіндіру нақтылап бекітілді. Үшінші түсірілім мен Төртінші түсірілім де Аллаһ бұйыртса осы атаумен «Үшінші кітап», «Төртінші кітап»  болып дайындалады.

       Кітап әрісі антикалық, Аристотелдік, Платондық және жаңа платондық, Батыстық, Шығыстық,  берісі ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Орта ғасырлық  ғұлама ғалымдар мен барлық дін қайраткерлерінің еңбектеріне жанды қозғалыс алып келген, бүгінгі білім және ілім иелерін де  селт еткізер мұғжиза дүние болып жетіп отыр. Бұған дейін Жаратушы туралы, дін туралы, Ғайып туралы, Періштелер әлемі мен Пайғамбарлар тағдырлары туралы, жан және рух туралы  әр қилы тұжырым айтып келген өткендегілер мен бүгінгілер, Алланың өзі түсірген ашық аян-тәпсірінен кейін ілім саласында бұрын-соңғы айтылып келген тұжырымдарға басқаша бетбұрыс, басқаша көзқараспен қарары сөзсіз. Өйткені, жоғарыда аттары аталынған өлмейтін жанды рухтардың Аллаһтың әмірімен артында қалдырған ұрпақтары үшін, біздер үшін, соңғы дін Ислам үшін, қандай жұмыстар істей алатындығын, олардың бір Жартушы маңына қалай шоғырланатындығын, олар жеткізген іліми аян әңгімелерін оқыған оқырман өз дәрежелерінде ұғына жатар.   Бұл орайда мен алдыға түспей тұра тұрайын. Бар әңгімені уақытында бірге көрелік.

 Менің айтарым – Жаратушы Иеміздің атын басқа ұлт өкілдері өз тілдерінде, өздеріне ыстық атауларымен атаса, біз де Алла, Құдай, Тәңір деп әр түрлі атпен атағанымызбен осы атаулардың бәрі бір ұғымды білдіреді. Барлық атау - Бір бастау Тәңірге алып барады, содан бастау алады. Барлығы күнді баққан күнбағыстай бір Жаратушыға ұмтылады. Сондықтан менің азан шақырып айтарым, Ей, бүдкіл Әлем пәндәлері, дін қайраткерлері мен ғұлама ғалымдар, көз майларыңды тауысып сендер іздеген сол Ұлы Жаратушы мен сол Жаратушысын іздеп тіршіліктен өткен пайғамбарлармен, сахабалармен, ілім иелерімен және Аллаһтың сүйікті періштелермен тілдесуде, Алланың әмірімен әдемі мүмкіндік туып отыр.  Аллаһ,  Құранда айтқан өз серті, өз уәдесі бойынша, өзі жаратқан құлдарымен ашық тілдесуге о бастан бет бұрған. Қане, құлақ қой, бәріміз, өзімізді жаратқан, жалғыз Жаратушы Иеміз, Аллаһпен тілдесейік, Аллаһпен ашық сөйлесейік!

  Аян арқылы Ғайыптың хабарын алу бұған дейін де әлем мойындаған ілім жолы. Бүкіл мұсылманның асыл Кітабы Құран-Кәрім де соңғы пайғамбарымыз Мұхаммед ғалейһи уа сәлламға аян арқылы түскен. Аллаһ бұйыртса бізге ұзатпай тағы да Ғайыптан  617 діни кітаптың түсетіндігі туралы хабар бар... 

     Осы кітапты ден қойып оқыған жан, маған Аллаһтың Құранның отыз парасын үшке бөліп түсіндіргенін, оның алғашқы он парасында тыдаушы болғанымды, екінші он парасында ұғынушы, екеуін қосқанда қабыл алушы, үшінші он парасында Аллаһпен тікелей сөйлесуші мәртебесіне қалай көтерілгеніммен танысады. Кітап маған аманатталып түскен соң, жазылу жағын мен орындап жатқандықтан,  аяндағы түсу мен оны кітапқа таспа әріппен түсіруде, сөздер мен сөйлемдерде түсінбестік болмауы үшін, ой жүйесін бұзбай, сөйлем құрылымын жатық, жұмсақ етіп өңдеуге кеңшілік жасалып аманат айтылғанымен, мен бұл басылымда аянды түскен қалпындағы айтылымда, сол қалпында  жеткізумен шектелгенді мақұл көрдім...  

     Тағы бір ескерер жайт, осы кітаптың алғашқы аяндары басылым беттерінде жарық көргеннен бастап айтып келемін, оқырман қауым ұғынып алғаны жөн, бұл кітап - Құран емес, Құран  пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) кезінде түсіп қойған, ол қайта түспейді, түспек түгілі жеке әрібі де, тыныс белгісі де өзгермейді. Бұл – Аллаһтың аманаты бойынша,  Құранның 114 сүресін менің жеке басыма, ұрпағыма, сіңіріп түсіндіру Кітабы. Маған және менің ұрпағыма аян айта отырып – күллі мұсылман назарын, бүгінде әр үйде тұрғанымен, беті ашылып оқылмай сәнге тұрған Аллаһ пен адамның арасындағы асыл жол Құранға аудару. Құран – әр үйге сәнге қою  үшін түсірілген Кітап емес,  Аллаһтың соңғы діні Исламның жолымен жүруді, Жаратушыңды ұмытпауды, онымен сөйлесе білуді, бір Жаратушы Иеңе ғана бас иуді, онымен дос болуды түсіндіретін - қазына. Ей жамағат, біз Аллаһ Тағаланың Құранда қайта-қайта ескерткен осы аманатын ұмытып бара жатырмыз. Төріңдегі сол беті ашылмай тұрған Құранды ашып оқып, оны жүрегіңнің төріне шығару керек екендігін ұмытпа!        

    Бұл Кітаптың маған аманаттап түсірілуі мен үшін мақтаныш болуымен қатар, бұл мен үшін – Аллаһтың сенім аманаты, иыққа артқан салмағы, мұсылмандарға жеткізер сынақ қазынасы. Сондықтан да бұл кітаптар жеке маған, менің ұрпақтарыма ғана емес, елімізге, мүмін мұсылмандарға, күллі Ислам әлеміне аян ретінде келіп жатқан мұғжиза қазына болғандықтан сіздерге сүйіншілеп жеткізіп отырмын. Таубаға келе отырып, алдағы уақытта да түсер аяндарды сабырлылықпен қабылдап алу абройлы тірлік болғалы тұр. Бәріне сабырлықпен үміт артайық.

     Имани жүректеріңізбен қабыл алыңыздар.

Abai.kz

0 пікір