Жұма, 20 Қыркүйек 2024
Жаңалықтар 3633 0 пікір 11 Қараша, 2015 сағат 11:59

КӨКПАРШЫЛАР ШЕКАРА БҰЗДЫ

Азаттық радиосының хабарлауынша (Қырғыз қызметі), Тәжікстан азаматтары Қырғызстан аумағының Лейлек ауданы маңында ұсталған.

Шекара қызметкерлерінің айтуынша, олар қырғыз шекарасын бұзған.

Ұсталғандар Тәжікстаннан Қырғызстанға көкпар тарту үшін шыққандарын айтады. Оларды әкімшілік жауапкершілікке тартқан.

P.S. Көкпаршылардың ойында басқа нәрсе болмаса, бұл аса бір заңсыз әрекет емес. Бұрыннан жақын елдер осылайша бір-біріне барып, келіп, ат жарыстырып, балуан күрестіріп жататын. Бірақ, бүгінгі заманда соның бәрі шекра мен заң шегінің аясында болуы қажет. Көкпаршы жігіттер тегінде соны ескермесе керек. 

Абай-ақпарат

0 пікір