Сенбі, 23 Қараша 2024
Тарихтың бір күні 7214 0 пікір 9 Қараша, 2015 сағат 12:14

БАТЫСТАҒЫ ЕКІ АЛПАУЫТ ЕЛГЕ ЕЛБАСЫНЫҢ САПАРЫ АЯҚТАЛДЫ (ШОЛУ)

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Батыстағы бірнеше мемлекетке ресми сапармен барып қайтты.

Өткен аптада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуропаның  екі алпауыт еліне ресми іс сапарымен барды.   Кедендік әрі Еуразияэкономикалық одақтасымыз Путиннің пәрмені әлемнің саяси картасында үшінші дүниежүзілік соғыстың отын  үрлеген тұста – Қазақстан көшбасшысы тығырықтан шығудың батыстық тактикасына ауысқанды жөн көрсе керек.  Әуелі ақсүйек ағылшындар елінде, Ұлыбритания патшайымымен кездессе,  екінші сапар  алты­ бұрышты саналатын ел - Францияда жалғасты. РФ мен Батыс елдерінің арасы суыған, алағай да бұлағай кезеңде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев стратегиялық ынтымақтастықтың жаңа көкжиегін Батыстан шындап іздей бастаған сияқты.  

Қазақстан Президенті Ұлыбританияға ресми іс-сапармен барғаны туралы қазақстандық және британдық БАҚ жарыса жазды. Астанаға Керри келіп кеткеннен кейін Президент Назарбаев өзінің командасын ертіп барып, Британия Премьері Кэмеронмен кездесті.

Ақорданың ресми ақпараттарына сүйене отырып  сараптама жасайық, Британия мен Францияда қандай мәселелер талқыланды, кездесулердің нәтижесі қандай болды?

  1.  Елбасы Ұлыбритания Премьер-министрі Дэвид Кэмеронмен кездесіп, екі ел басшылығы Үкіметаралық комиссияның отырысына қатысты. Кездесу барысында Дэвид Кэмерон Қазақстанның инвестиция тарту, индустрияны дамыту және сауда саласында керемет табыстарға жеткеніне назар аударған болатын. Бұдан бөлек, кездесу қорытындысы бойынша бірқатар маңызды құжатқа қол қойылғанын ерекше атап өтуге болады. Соның ішінде Ұлыбритания Корольдігінің ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы туралы келісім жасалып, осы арқылы Лондон ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатындығын құқықтық негізде куәландырды. Айта кетерлігі, кездесу соңында Қазақстан Пре­зи­ден­ті Ұлыбритания Премьер-министрін I дә­режелі «Достық» орденімен марапаттады.
  2. Онан соң, Мемлекет басшысы Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Патшайымы II Елизаветамен кездесті. Елбасы кездесу барысында Патшайымға Біріккен Корольдікке сапарының қорытындылары туралы әңгімелей отырып, екі жақтың арасында көптеген келісімдердің жасалғанын ризашылықпен атап өтті. Қазақстан Президенті еліміздің сыртқы саясатында британдық вектордың маңызы жоғары екенін, оған елдеріміздің арасындағы жоғары деңгейдегі байланыстар ғана емес, іскер топтардың, академиялық қоғамдастықтардың, сондай-ақ екі мемлекет ведомстволарының арасындағы мықты серіктестік байланыстар да айғақ болатынын айтты.
  3. Мемлекет басшысы «J Rothschild Capital Management» компаниясы басқармасының төрағасы Лорд Джейкоб Ротшильдпен кездесті. Д.Ротшильд өз сөзінде Қазақстанның Орталық Азия өңіріндегі қаржылық хаб мәртебесін алу үшін жақсы перспективалары бар екенін атап өтті. 
  4. Қазақстан Президенті Ұлыбританияның іскер топ өкілдерімен кездесті, Іс-шараға «Royal Dutch Shell», «BG Group», «Barclays Bank», «Vitol Group», «De La Rue», «Glencore» және басқа да компаниялардың басшылары қатысты. Мемлекет басшысы өз сөзінде Қазақстанның инфрақұрылымдық даму, көлік және телекоммуникация, тамақ және жеңіл өнеркәсіп, металлургия және мұнай химиясы салаларында белсене жұмыс істеп жатқандары үшін британ инвесторларына алғыс айтты.
  5. Елбасы Ұлыбритания сыртқы істер министрі Филип Хэммондпен кездесті. Хэммондпен кездесу барысында 12 миллиард доллардың инвестициясына қол қойылды.

Осыдан кейін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Францияға аттанып кетті. Алты бұрышты ел саналатын Еуропаның ықпалды мемлекеттерінің бірі – Франция да Қазақстан Президентін ерекше сән-салтанатпен қарсы алды.

  1. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Француз Республикасының Президенті Франсуа Олландпен кездесті. Мемлекет басшысы Франция Қазақстанның маңызды серіктестерінің бірі екенін, елдеріміздің арасында бүгінде экономика және саясат мәселелері бойынша толық түсіністік орнағанын айтты. Нұрсұлтан Назарбаев пен Франсуа Олланд Франция Президентінің Астанаға жасаған кейінгі сапары кезінде қол жеткен уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын да талқылады. Қазақстан Президенті бүгінде Астана мен Париж арасында сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық, сондай-ақ аэроғарыш салаларындағы ықпалдастықтың зор әлеуеті бар екенін атап өтті. Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Франция Президентін І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

Келіссөздер қорытындысы бойынша төмендегідей құжаттар қабылданды:

- Қазақстан Республикасы Президенті мен Француз Республикасы Президентінің бірлескен декларациясы;  

- Астана қаласында өтетін Халықаралық ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесіне Француз Республикасының қатысуы туралы шарт;

- Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті мен Француз Республикасының Ғарыштық зерттеулер ұлттық орталығы арасындағы Ғарыш бойынша ынтымақтастықты дамыту саласындағы ниеттестік туралы декларация;

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Француз Республикасы Жоғары білім және ғылым министрлігінің бірлескен декларациясы. ­­­

2. Мемлекет басшысы француз экономисі Жак Атталимен кездесті. Кездесу барысында жаһандық нарықтардағы ахуал, әлемдік экономикадағы дағдарыс үрдістерін еңсеру жолдары, сондай-ақ қазіргі қалыптасқан жағдайдағы Қазақстанның іс-қимыл бағдарламасы – Бес институционалдық реформа мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспары талқыланды.

3. Мемлекет басшысы ЮНЕСКО-ның бас директоры Ирина Боковамен кездесті.

4. Елбасы Францияның жетекші компаниялары басшыларымен де кездесті.

5. Елбасы ЮНЕСКО Бас конференциясының 38-сессиясына қатысты. Мемлекеттік тілде баяндама жасады.

 

Түйін: Президент Назарбаевтың Ұлыбританияға ресми іс-сапары туралы қысқышы шолу осылай түзіледі.  Ұлыбритания өз кезегінде үлкен жетілікке, үлкен жиырмалыққа кіретін алдыңғы қатарлы мемлекеттердің бірі. Сонымен қатар, Ұлыбритания БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесіне мүше 5 мемлекеттің бірі.  Ол да өз кезегінде Орталық Азия мен Қазақстанға державалық саясат жүргізуге мүдделі екені рас. Сондықтан да Британия Қазақстанның батыс аймақтарына ірі инвестициялар салып отыр. Ең біріншіден, Ұлыбритания үшін осы аймақтағы геосаяси жағдайды өзгеріссіз сақтап қалу маңызды. Яғни мемлекеттердің жойылып кетпеуі, Қытай мен Ресей сынды алпауыттардың ығына жығылып кетпеуі т.б.  Айта кететіні, Қазақстан мен Ұлыбритания арасында қарым-қатынас бұрыннан бері жалғасып келеді. Осының алдында екі жыл бұрын Премьер-министр Кэмерон мырза Қазақстанға келіп бірнеше келісімдерге қол қойылған. Сол кездегі кездесулердегі негізгі мәселе екі жақты экономикалық, қауіпсіздік мәселелеріне арналғанын білеміз. Яғни, Британ компанияларының көлемін – Қазақстанда арттыру. Тек екі жақты кездесулерде ғана емес, ірі-ірі халықаралық жиындарда екі елдің басшылары кездесіп, кеңесіп тұрады.. Ал қазіргідей экономикалық және саяси дағдарыс дендеп, көршілес орналасқан һәм одақтың биылғы тізгіншісі болып отырған Ресейдің Батыс елдерімен арасының суып кетуі мен Украина және Сириядағы жанжалдар мәселесінде Қазақстан Сыртқы саясатты бейтараптылық деңгейінде ұстап қала білуі мен Батыс елдерімен интеграцияны жаңғыртуы - тығырықтан шығудың жолын іздеген әрекет болса керек. Осы жолғы дағдарыстың оңай болмайтынын Елбасы Н.Ә.Назарбаев бірнеше мәрте айтқан. Президенттің Британияға сапарының ең басты мақсаты – сол елден инвестиция тарту. Интернет арқылы біліп отырғанымыздай, Елбасының осы сапары аясында екі ел арасындағы бірнеше келісім-шартқа қол қойылды. Ол келісім-шарттың құны 5 миллиард доллардай болатыны да айтылды. Мұхиттың арғы бетінен басталатын дағдарыс деген "дауылдың" алдымен сол "кәрі құрлықты" шарпып, содан кейін бізге келетіні белгілі. Меніңше, дағдарысты еңсерудегі Ұлыбритания тәжірибесін де меңгерген жөн. Британия – іскерлік және қаржылай орталықтардың жұмысын барынша дамытқан елдердің бірі. Ол елден үйренеріміз көп.

Аbai.kz

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3243
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5395