Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 7421 0 пікір 30 Қазан, 2015 сағат 15:06

ҚЫТАЙЛЫҚ ЖЕРДІҢ АСТЫМЕН ҚАЗАҚСТАНҒА ӨТПЕК БОЛДЫ

ҚХР азаматы жерді қазып, Қазақстанға қашпақшы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап. Оқиға 30 қазанда ҚР ҰҚК Шекара қызметі "Шығыс" өңірлік басқармасына қарасты Жаркент шекара отрядының "Ынталы" шекара заставасында болды.

Дабыл түнгі сағат 00.31-де берілді. Өте қуатты жылжымалы жарық беру машинасын және ізшіл итті өздерімен бірге алып, шұғыл түрде дабыл түскен аумаққа келіп жеткен дабыл тобы із бақылау жолағынан көршілес елдің аумағынан біздің жерімізге қарай өткен адамның іздерін бірден тапты.

"Тексере келе, шекара бұзушы электрлі дабыл беру кешенінің астын қазып өткені белгілі болды. Бұл уақытта көршілес шекара заставаларының дабыл топтары да оқиға болған аумақты бақылауға алып үлгерген еді", - деп хабарлады шекара қызметіндегілер.

Алтынкөл теміржол станциясын бетке алған шекара бұзушы мемлекеттік шекара сызығынан 8 шақырым қашықтықта ұсталды.

Айта кетейік, өзімен бірге алып жүрген төлқұжаты бойынша, ол 1985 жылы ҚХР-дың Фэнтю уезінің Хэнай провинциясында туған Қытай азаматы. Ер адам шекараны бұзып өту себебін өмір сүруге жайлы жер іздеуімен түсіндіреді. "Сөмкесіне 501 юань, азық-түлік, электрлі қолшам, киімдер, темекі блогын, қытай тіліндегі әлем картасын және тағы да басқа керекті заттарды салып алып шыққанына қарағанда, бұл азаматтың біздің еліміздегі жоспары ұзақ мерзімге арналған тәрізді. Алайда, қазақстандық шекарашылар оның жолын шекарадан ұзатпай-ақ кесіп үлгерді", - деді шекара қызметіндегілер.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1969