Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Билік 5064 0 пікір 28 Қазан, 2015 сағат 14:52

ОҚО. ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

Кеше облыс әкімінің орынбасары Ерлан Айтаханов бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады. Соның бірі, Шымкент қаласындағы құрлыс жұмыстары жүргізіліп жатқан №34 мектебі. Күрделі құрылыс жұмыстарына байланысты аталған мектептің 811 оқушысы қаладағы №127 мектеп базасында тасымалмен қатынап оқуда. Осы жағдаймен танысуға №127 мектепке барған облыс әкімінің орынбасары Ерлан Айтаханов бірқатар проблемалық жағдайларға көз жеткізді.

Атап айтқанда, облыс әкімінің орынбасары Ерлан Айтаханов ескертпестен, жоспардан тыс №34 мектеп оқушыларының №127 мектеп ғимаратындағы өтіп жатқан сабақтарына қатысты. Яғни, сабақ уақытысында 9 – 10 сыныптарына кіріп көргенде оқушылар мұғалімсіз отырған болып шықты. 10-15 минут сынып оқушыларымен әңгіме жүргізіп біткенге дейін ешқандай мұғалім келмеген. Дәл,мұндай жағдай басқа да сыныптарда кездесті. Сонымен бірге, №34 мектептен №127 мектепте қатынап оқитын оқушылар тасымал қызметіне төлейтін ақысы әр түрлі болып шықты. Негізгі тасымалға оқушылардан 25 тенгеден алынады. Осы мәселе бойынша бір-екі оқушымен сөйлесіп көргенде олардың айтуы бойынша, ақы жүргізушімен келіскенге байланысты дейді. Оқушылардың кейбіреулері: «біздің жолақысын көп мөлшерде төлеуімізге жағдайымыз жоқ. Күнделікті төлейтін ақша болмауына байланысты №127 мектепке жаяу қатынап оқимыз»-дейді. Сонымен қатар, біраз оқушылар осы мәселеге байланысты сабаққа бара алмай қалатын жағдайлар кездесуде. Оқушылармен сөйлесу барысында анықталған кезекті проблема тамақтану мәселесі. №34 мектептен қатынап оқитын оқушыларға №127 мектебінде тамақтануға жағдай жасалмаған. Ыстық тамақпен тиісті дәрежеде қамтамасыз етілмеген. Яғни, мектеп ғимараты ішінен асханаға өтуге тиім салынған. Сондықтан қатынап оқитын оқушылар үзілісте мектепті айналып барып қажет заттарын асхананың сыртынан сатып алып жатыр. Асханаға барам дегенше үзілістің уақытты өтіп кетеді екен.

Тағы да бір айта кетерлік жағдай. Облыс әкімінің орынбасары Ерлан Қуанышұлы №127 мектеп басшылығына дәл қазір қазақ тілі, қазақстан тарихы, география секілді сабақтар қай сыныптарда өтіп жатыр, сол сабаққа қатысып көрейік десе, директордың міндетін атқарушы дәл қазір ондай сабақ болып жатқан жоқ, тек қана 10-сыныпта география сабағы өтіп жатқанын жеткізді. Сол сыныпқа апаруын өтінгенде, аталған сыныпты мектеп ұжымы тауып бере алмады. Нәтижесінде мектеп басшылығы 10 сынып қай кабинетте орналасқанын білмейтін болып шықты. Кезекті мәселе, мектеп инспекторларының жұмысы. Яғни, бір ғимаратта қос бірдей мектеп оқушылары оқып жатқанына байланысты оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында жалғыз иниспектордың қасына қосымша бір иниспектор тарту қажеттілігін Ерлан Қуанышұлы мәселе етіп көтерді. Осы аталған проблемаларға байланысты түс қайта облыс әкімдігінде шұғыл жиын өткізілді. Оған, облыстық білім,жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының басшылығы, қалалық білім бөлімінің жауаптылары, мектеп директорлары, тасымалмен айналысатын мекеме мамандары мен Шымкент қалалық ІІБ қарасты Ювеналды полиция тобының басшылары қатысты.

Облыс әкімінің орынбасары Ерлан Айтахановтың төрағалығымен өткен жиында жоғарыда аталған мәселелердың шешу жолдары талқыланды. Атап айтқанда, қала бойынша жалғыз осындай жағдайда оқып жатқан мектептің аталған мәселелерін толықтай шешу мақсатында төмендегі нақты тапсырмалар берілді:

1. №34 мектебінен №127 мектебі ғимаратында қатынап оқитын оқушылардың асханаға қолжетімді жағдай жасау, аз қамтамасыз етілген оқушыларға ыстық тамақ тиісті дәрежеде ұйымдастыру.
2. Тасымал мәселесін қол жетімді бағада жағдай жасау және оқушылардың қауіпсіздігін қадағалау.
3. Оқу процесін жүйелі түрде бақылауда ұстау.
4. Мектеп иниспекторларының жұмысын жүйелеп, күшейту шараларын қолға алу.

Осы ретте айта кетерлік жәйт, Облыс әкімінің орынбасары Ерлан Айтаханов бүгінгі анықталған мәселелерге байланысты ешкімге ешқандай жаза қолданбауды ескертті. Бұл жиын біреулерді жазалап, қудалау емес басты мақсат аталған мәселелердің алдын алу, шешілу жолдарын қарастыру. Облыстағы барша білім беру мекемелерінің басшыларына алдағы уақытта дәл осындай жүйесіз жұмыстар орын алып жатса заң аясында тиісті шаралар қолданылатыны қатаң ескертілді. Сонымен бірге бұл жиында облысымыздағы жастар мәселесіде қаралды. Яғни, облыс көлемінде қоғамда өз орнын таба алмай, әлеуметтік қысымда жүрген жастарға дер кезінде біздің тараптан көмектер жүйелі түрде беріліп тұру қажеттілігі айтылды. Бұл мәселе бойынша облыстық, аудан,қалалардағы Жастар орталықтары зерделеу жұмыстарын жүргізу керектігі тапсырылды.

Жиын қортындысы бойынша аталған мәселелерді шешу үшін облыс әкімінің орынбасары жауаптыларға екі апта уақыт берді. Алдағы уақытта бұл мәселелер бақылауда болады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1535
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3316
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6019