Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3733 0 пікір 27 Қазан, 2015 сағат 11:33

НАРЫМБАЕВ ҚАМАУДАН БОСАТЫЛМАДЫ

Алматы қалалық сотының апелляциялық коллегиясы «ұлт араздықты қоздыру» бабы бойынша күдікті деп танылған азаматтық белсенді Ермек Нарымбаевты тұтқындау туралы сот шешіміне қарсы апелляциялық арызды қабылдамады.

​Судья Ардақ Ешеев Нарымбаевтың апелляциялық арызын БАҚ және қоғамдық ұйымдар өкілдерінің қатысуынсыз қарау туралы қаулы шығарды. Қамауда отырған Нарымбаев сотқа шақырылған жоқ. Ермек Нарымбаевтың адвокаты Жанар Балғабаева Азаттыққа бұл соттың соңғы шешімі екенін хабарлады. Ол «іс оң шешілмеген жағдайда адам құқықтары жөніндегі БҰҰ комитетіне шағым берілетінін» айтты.

Ермек Нарымбаев 12 қазан күні Алматыдағы үйіне тінту жүргізген соң ұсталған. Сот оның үйқамақта қалдыру немесе кепілге босату туралы өтінішін қанағаттандырмай, 15 қазанда екі айға тұтқындау туралы шешім шығарған.

Ермек Нарымбаевпен қоса және тағы бір азаматтық белсенді Серікжан Мәмбетәлин де Facebook әлеуметтік желісінде авторы Мұрат Телібеков делінген басылмаған кітаптың үзінділерін жариялағаны үшін жауапқа тартылған.

26 қазанда қалалық сот Серікжан Мәмбетәлиннің де тұтқындауға қатысты апелляциялық арызын қанағаттандырмады.

Ермек Нарымбаев билікті сынағаны үшін бірнеше мәрте жауапқа тартылған, «рұқсат етілмеген наразылық шарасына қатысы бар» деген айыппен әкімшілік тұтқында болған. Серікжан Мәмбеталин өзі басқарған «Руханият» партиясы 2011 жылғы парламент сайлауына қатысудан шеттетіліп, партия төрағасы қызметінен босатылған соң әлеуметтік желілерде билікті жиі сынап пікір жазған.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371