ЖАЗУШЫ ЛУКАШЕНКОНЫҢ СЫНЫНА ЖАУАП БЕРДІ
Беларусь жазушысы, 2015 жылы әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығының иегері болған Светлана Алексиевич "Говорит Москва" радиостанциясына берген сұхбатында беларусь халқын ешқашан сынамағанын, тек ғана елдің президенті Александр Лукашенконың саяси шешімдеріне қарсы болып келгенін айтты.
Алдын Беларусь лидері "кейбір шығармашылық тұлғалар өз елін жамандау арқылы Нобель сыйлығын алып отыр" деген болатын.
Алексиевич Лукашенконың бұл мәлімдемесіне түсінік бере келе, "бұл президенттің айтатын сөзі емес еді, қазір халқы реформа күтіп отыр, оның орнына Лукашенко билікті ұстап қалуға ғана тырысады" деп жауап берді.
Жазушы Светлана Алексиевич 2015 жылдың 8 қазанында Нобель сыйлығын алды. Нобель комитеті оның шығармасын "біздің уақыттың азап шеккендерге және ерліктеріне арналған ескерткіш" деп атады. Ол Нобель сыйлығын алған кезде Александр Лукашенконың өзі құттықтаған болатын.
Алексиевич бұл құттықтауды11 қазанда Лукашенко президент сайлауы алдында халықтың алдында "бет пердесін ұстап тұру керек болды" деп пайымдайды. "Енді қазір ол мақсатына жетті, не айтамын десе де өзі біледі" деді жазушы.
Абай-ақпарат