Сенбі, 23 Қараша 2024
Мәйекті 4431 0 пікір 25 Қазан, 2015 сағат 21:20

«НӨМІР-БЕКІТКІШ» НАРАЗЫЛЫҚ БІЛДІРЕ БАСТАДЫ

Келмеске кеткен кеңестік жүйені аңсап, қазақтың көзіне көк шыбын үймелеткен сол бір дәуірдің қайта оралуын көксейтіндер CCCР деген жазуы және Кеңестер Одағының елтаңбасы бедерленген көлік нөмірін бекітетін құрал пайдалана бастапты. 

 

«Көшеде келе жатып, аппақ лексус автокөлігінің нөміріне көзім түсе кеткені. Анықтап қарасам, нөмір-бекіткіште «СССР» деген жазу мен КСРО-ның елтаңбасы тұр. Қазақ елінде жүріп, мемлекеттілігіне пысқырмаған азаматтың машинасының мемлекеттік нөмірін суретке түсіріп жатып, тағы бір қызыққа тап болдым. Онда да – ССР деген жазу тұр. Міне, мемлекеттік тіркеу нөмірі мынандай: «А 301 ССР». Бұл кездейсоқтық па, жоқ әлде... 

КСРО дәуірін аңсаған аталмыш көлік Алматы қаласындағы Пушкин мен Гоголь көшелерінің қиылысында тұр екен. Алматы қаласының бұл тұсы Кеңестер кезеңін еріксіз еске түсіреді. Мысалы, Көк базардың айналасында Кеңестік дәуірдің ескі-құсқы заттарын сататын шал-кемпірлер жетерлік. Әскери киім киген азаматтар да жиі көзге түседі (Офицерлер үйі де бұл маңнан алыс емес). Сондай-ақ, бұл жерде 28 Панфиловшылар паркі орналасқаны белгілі. Сол парктегі 28 Панфиловшыларға арналған мемориалды ескерткіште «Велика Россия, а отступать некуда, позади Москва. Политург В.Клочков» деген жазу тұрғанын білесіздер... Политург В.Клочковтың "Ұлы Ресей" деп жар салған өтірік сөзі бізге ұран болмауы тиіс емес пе?. Күмбезі көк тіреген шіркеу маңын қазақыландыратын кез келгенін біздің атқамінерлер неге ойланбайды.

Қазір көшеде Ресейдің туын тарататындар көбейіп барады. Мұның астарында қандай саясат жатыр? «Нөмір-бекіткіштің» өзімен-ақ тәуелсіздігімізді мойындамай жүргендерге не істемек керек? Сауал бізден, жауап сізден болсын!

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3243
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5395