Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3618 0 пікір 29 Мамыр, 2009 сағат 05:55

«Алля аятқа» қалай тосқауыл қоямыз ?

Облыстан асып, бүкіл елді шулатқан, тіпті шет елдерге де дабыры жеткен Шонжы ауылындағы «Алля аят» сектасының жылына үш рет өтетін «үлкен аятының» екіншісі биыл мамыр мерекелеріне сәйкес келді. Сәуір айында-ақ, аталған қозғалыстың жұмысына сот арқылы тыйым салынғанын көлднең тартқан билік орындары  Шонжыға алыс-жақыннан жұрттың шұбыруына жол бермеуге тырысып бақты. Соған қарамастан тек пайданы ғана ойлайтын туристік компаниялардың кесірінен «үлкен аятқа» жолы түскендер саны біраз болғанын жасырып қалудың реті келмес. Осылайша кезінде жүргізуші болған Фархат Абдуллаев негізін қалаған «Алля аяттың» жұмысына әлі күнге түбегейлі тосқауыл қойылмаса да, заңсыздықтың алдын алу шаралары  біртіндеп орындалуда. Фархат Абдуллаев осыдан екі жыл бұрын қайтыс болғанымен, оның ісін ұлы мен әйелі жалғастырып, олардың уағызына ұйығандар саны азаю орнына көбейіп бара жатқанын былтыр күзде «Айқын» газеті жазған болатын.  Соған қарамастан Шонжыға шұбырғандар қатары сетініген жоқ. Ісі күмәнді қозғалыстың арбауына түскендердің санасы тұманнан толық айықпағанын осы мамырда шекаралық ауданға аннан-мұннан келгендердің билік және құқық қорғау органдарына қойған түсініксіз талаптары мен мақсатсыз сапарынан аңғаруға болады.

Өткен аптада Шонжыдағы аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аталған қозғалыстың адамдар санасын улауының алдын алуға байланысты арнайы құрылған комиссия өз отырысын өткізіп, оған Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Г. Сүлейменова , аудандық мәслихаттың депутаттары, құқық қорғау органдарының басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың, ұлттық мәдени орталықтардың өкілдері қатысты.
Отырыста алғашқы сөзді алған аудан әкімінің орынбасары Дәулетжен Деменбаевтың  айтуына қарағанда, жыл сайын қаңтардың, мамырдың және қыркүйектің алғашқы күндері өтетін «үлкен аятқа» келетіндер қатары кейде жеті мыңнан асып кетеді. Олардың арасында өз еліміздің аймақтары мен жақын шет елдерді айтпағанда, Германия, Греция, Канада сынды алыстағы мемлекеттерден де арнайы жететіндер кездеседі екен. Қозғалыстың жұмысына тыйым салу жөніндегі сот шешіміне орай прокуратура осынау заңсыздықтарды ұйымдастырушылармен, атышулы Фархаттың ісін жалғастырушалырмен түсінік жұмыстары жүргізіпті. Аудандық ІІБ облыстық ІІД қызметкерлерімен бірлесе отырып, Шонжыға кіретін жолдардың барлығына уақытшы тексеру бекеттерін орналастырған.  Осы бекттер арқылы тек 1-9 мамыр аралығында ғана 46 автобус тоқтатылып, 1600 табынушы-жолаушы кері қайтарылыпты. Ал ондайлар саны тіптен көбейіп кеткенде Көкпекте, Іле өзені үстіндегі көпірде, Аласа және Қойбын асуларында тағы да қосымша бес бекет жасақталып, күндіз-түні бақылау жүргізіпті. Осы кезең барысында алпыс адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен үш адамға 50 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұл салыныпты.
Дегенмен, осынау уқаытша тосқауылдар және айыппұлдар арқылы санасын айықпас дертке шалдықтырып алғандар мен оларды осындай халге жеткізгендерге тоқтам саламыз, пайда қуғандықтан өздерінің адамдарды топтастыра білу қабілеттерін жеке бастарының мүддесі үшін пайдаланып отырғандарды жөнге келтіреміз деуден бірдеңе шыға қояды деу қиын. Өйткені, Шонжыдағы аяттарды ұйымдастырушылар  келгендердің әрқайсысынан жатын орын үшін күніне үш мың теңге ақы алады.  Тамаққа және емдік сеанстарғы төлейтіндері тағы бар. Жоғарыда айтқанымыздай, «үлкен аят» кезінде кейде жеті мың адам жиналады. Олардын түсетін заңсыз табысты өзіңіз-ақ іштей есептей беріңіз. Сонымен бірге аяттар барысында Фархат атаның ұлтына қатысты марапаттау айтылатынын ескерсек, мұның соңында жасырын бір күштердің барлығы анық. Сондықтан батыл әрі қатал шараларды қолға алуды кешіктермеу керек. Өйткені, бүгінде аталған ауданда бойына кенеттен қасиет бітіп, адам емдеудің түрлі тәсілдері қонған адамдар көбейіп барады. Солардың қатарындағы аспаннан түскен «керемет таспен» емдейтін жанға да бүгінде алыс-жақыннан келіп кезекке тұратындар көбейген...

Болат Абаған, «Жетісу» газеті. Алматы облысы

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322