Жұма, 18 Сәуір 2025
Жаңалықтар 3604 0 пікір 22 Қазан, 2015 сағат 11:06

ЛАТВИЯ РЕСЕЙМЕН АРАДАҒЫ ШЕКАРАҒА ҚОРҒАН САЛМАҚ

Латвия Ресеймен арадағы 270 шақырым жерді алып жатқан шекараға заңсыз мигранттарды өткізбеу үшін қорған салмақшы.

Латвия ішкі істер министрлігі өкілінің сөзінше, қорғанның ұзындығы 90 километр болады. Ол сезімталдығы жоғары сенсормен жабдықталады екен.

Бұл төрт жылға арналған Ресей мен Латвия шекарасын нақты бөлетін 20 миллиардтық жобаның тек бір бөлігі ғана. Үстіміздегі жылы Ресейден Латвияға үш жүзге тарта мигрант заңсыз келген. Олардың көбі – Вьетнам, Ирак және Сирия елдерінің азаматтары.Жоба негізінен бұрыннан жоспарланған. Бірақ қазірде мигранттардың Еуропаға үдеуіне байланысты құрылысты тездетуге кірістік дейді Латвия билігі.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2011
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4872
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4069