Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 11484 0 пікір 20 Қазан, 2015 сағат 19:09

"ГАГАРИН" ҚАЗАҚ ҚЫЗЫН ШЕШІНДІРЕ БАСТАДЫ

Жалаңаш тәнін жұртшылыққа паш ету – өнер ме, әлде ермек пе?  Біз білетін әлемде мұндай құбылыс бұрыннан бар және қалыптасқан. Мақсаты да айқын. Бұл әдіс әуелде – қайырымдылық шарасы ретінде қаржы жинау үшін қолданылса, кейінірек – наразылық танытудың жалаңаш түріне айналған.

Қазіргі кезде цензурасыз интернетте адамдар ақша үшін емес, наразылық таныту үшін шешіне бастағаны рас-ақ. Әуелде наразылықтың мұндай қолапайсыз әдісінің эпицентрі Египет пен Қытай болса, енді бұл індет Қазақстанға да келген. Бұдан сәл бұрынырақта қазақстандық журналист Гүлжан Ерғалиева: «Әдемі өтіріктен жалаңаш шындық артық» деп, камера алдында шешінгенін ұмыта қоймаған боларсыз. Бұл жерде тактика ерсі болғанымен, мотиві айқын еді ғой.

Ал енді әйелдер тәнін тырдай жалаңаштап, оны жалпақ жұртқа жария үшін ешқандай себептің де керегі жоқ болып шықты.

Жақында америкалық «PlayBoy» журналының баламасы ретінде – Қазақстанда «gagarin.tm» интернет журналы пайда болған. Онда қазақстандық жұлдыздар абсольютті түрде жалаңаштанған суреттерін жариялайды-мыс. Әуелде естігенімізге құлағымыз сене қоймағанымен, аталмыш журналдың электрондық нұсқасын көргенде абдырап қалдық. Сонда, қазақстандық жұздыздар камера алдында тырдай жалаңаштануды оғаш көрмегені ме?

Мысалы, танымал қазақстандық кино актриса – Айсұлу Азимбаева алғашқылардың бірі болып,  «Гагарин» журналына арнайы фото сессия жасаған (http://gagarin.tm/article/g-spot/88-devushka-gagarin-aysulu-azimbaeva/). Актрисаның өзі аталмыщ журналға берген сұхбатында: «Мен қаншалықты шешіне алатын болсам, соншалықты өзімнің шынайылығымды дәлелдеймін. Адам өз тәнін қорғайды, күтеді, әдемілігін сақтайды. Әсіресе әйелдің тәні сұлу болса, оны неге жасырып қалуы тиіс» деген-мыс.

Сондай-ақ, қазақстандық ортада «Келинка Сәбинә» фильмі арқылы танымал болған кино актриса, тележүргізуші Айнұр Ілиясова да Айсулудың ізімен, «Гагаринге» өз тәнін тамашалатыпты. Көремін десеңіз хошыңыз, (http://gagarin.tm/article/g-spot/73-devushka-gagarin-aynur-ilyasova/).

Ал журнал редакциясы әртістердің әдепсіз суреттерін жариялауды – «батырлық» деп бағалайды екен.

Сонымен, бұл үрдіс Қазақстанға де келіп жетті. Мипазданған мисстеріміздің миы ауысып кеткен жоқ па, осы? Тән сымбатының жеңісі – ұжданының жеңілісі екеніне мән бермегені ғой.

Қазақтың төріндегі ерке қызына, босағадағы ақ келініне, әлемді тербеткен ғазиз аналарына балайтын жұздыздарымыздың сиқы мынау болса, жалаңаштанған тәнін көрсетіп, еркек кіндіктің шәһуатын қоздырғандарға не деу керек?!  Сұлулық – әйелдің бағы, қадіріне жетпесе – соры екеніне тағы бір мәрте көзіміз жетті.  

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1480
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475