ЯНУКОВИЧ УКРАИНА ҮКІМЕТІН СОТҚА БЕРМЕК
Украинаның бұрынғы президенті Виктор Януковичтің құқығын қорғайтын ұйым Украина үкіметін сотқа бермекші. Олар қазіргі украин үкіметі Януковичтің құқығын бірнеше рет бұзды дейді. Януковичтің қорғаушыларының сөзінше, «ол өзінің саяси көзқарасы және мәртебесі үшін кемсітушілікке тап болып отыр».
Янукович украин халқының бірнеше айдан бергі оның үкіметіне қарсылығынан кейін 2014 жылдың ақпан айында Ресейге қашып кеткен болатын. Бүгінде оның дәл мекен жайы белгісіз. Бірақ ара-тұра Ресейден көрініп қалады.
Үстіміздегі жылдың тамызынан бастап Киевте Януковичтің үстінен қозалған қылмыстық іске байланысты сырттай сот отырысы басталған. Оған мемлекет қаражатын жымқырды және үкіметке қарсы митингте адам өліміне себепші болды деген айыптар тағылған.
Абай-ақпарат