Сейсенбі, 15 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 9563 0 пікір 20 Қазан, 2015 сағат 11:33

ТҮРКИЯДА ҚҰЛАҒАН "АППАРАТ" РЕСЕЙДІКІ БОЛУЫ МҮМКІН

Сирияға таяу Түркияның әуе кеңістігінде өткен жұма күні түрік әскерлерінің атып түсірген ұшқышсыз ұшатын аппарат Ресейде өндірілген болып шықты. Алайда Мәскеу Анкараға бұл аппараттың Ресейге тиесілі емес екенін айтқан. Осылай деп дүйсенбі күні Түркияның премьер-министрі Ахмет Давутоглу AHaber телеарнасына мәлімдеді.

Телеарнаға берген сұхбатында Давутоглу ұшқышсыз аппараттың Сирия президенті Башар Асадтың әскеріне не болмаса күрд милициясына тиесілі болуы мүмкіндігін жоққа шығармайды. Ол Ресейдің ұшақтарының Түркия әуе кеңістігін басып өткен жағдайдан кейін өте мұқият болатын шығар деп үміттенетінін де жеткізді.

16 қазанда Түркия күштері Сирия шекарасына таяу ұшып жүрген аппаратты атып түсірген. Оның қай елге тиесілі екенін әлі анықтай алмай жатыр. Осыған дейін 21 қыркүйекте Пентагон Сирияда ұшқышсыз ұшақтар ұшырып жатқанын ескерткен болатын.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1221
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2750
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 878
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 831