"АУЫЛ" ПАРТИЯСЫ ЖАҢАШЫЛ АГРАРЛЫҚ САЯСАТТЫ МҰРАТ ЕТЕДІ
2015 жылы 19 қазанда Павлодар қаласында «Ауыл» партиясы Павлодар облыстық филиалының есеп беру- сайлау конференциясы өтті, - деп хабарлайды «Ауыл» Халықтық-демократиялық, патриоттық партиясының орталық аппараты.
Конференцияға «Ауыл» партиясы облыстық филиалының барлық аудандық және қалалық филиалдарының өкілдері жиылды. Павлодар облыстық филиалының жаңа төрағасы болып Е.Н. Байғұрманов бірауыздан сайланды.
Конференция жұмысына «Ауыл» ХДПП төрағасы, Қазақстан Республикасы Сенат депутаты Ә.Бектаев қатысты.
Ә. Бектаев өзінің сөзінде «Біздің партияның негізгі мұраты – ынтымақтастық және әділеттілік» - деп атап өтті.
«Ауыл партиясы жаңашылдық аграрлық саясатты қалайды! Бұл ауыл шаруашылығында әлемдегі озық елдердің тәжірибесін пайдалану. Ауылда инвестициялық іскерлікті дамыту. Ауыл еңбеккерлері мен агроөнеркәсіп өкілдеріне әділетті салық жүйесі» - деп сөзін жалғастырды Ә. Бектаев.
Осы тұрғыда, мемлекетімізді жаңа формацияға көтеру, қоғамдық қатынастарды жетілдіру, ең негізгісі, әлемдік дағдарысқа қарамай, экономикалық өсімді, халқымыздың әлеуетін жақсартуды қамтамасыз ету - партияның негізгі мәселесі.
Анықтама: 2015 жылы 26 тамызда Астанада Ауыл социал-демократиялық партиясының кезектен тыс съезі өтті. Қазір партия қайтадан тіркелу процессін жүргізуде.
Aбай-ақпара