РЕСЕЙ АЛЕППОНЫ ТАЛҚАНДАП ЖАТЫР
Ресей қорғаныс министрлігі соңғы 24 сағаттың ішінде 39 әскери ұшағы «Ислам мемлекеті» содырларына қарсы 51 әуе соққысын жасағанын хабарлайды.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, ресей ұшақтары Хама, Латакия, Дамаск және Алеппо аймақтарын талқандаған.
Ресей әуе соққылары басталғалы бері сириялық әскерлер елдің барлық аймақтарында белсенді шабуылға кірісе бастады. Ресей Сирияда әуе операциясын 30 қыркүйектен бастап жүргізіп жатыр.
Британияда орналасқан адам құқықтарының мониторингі жөніндегі сириялық орталықтың хабарлауынша, ресейлік әуе күштерінің көмегімен Сирия үкіметі Алеппо провинциясындағы Вадихи және Сабкие елдімекенін оппоненттерінің қолдарынан қайтарып алған. Шабуыл кезінде 17 көтерілісші мен 8 үкімет сарбазы қайтыс болған. Үкімет әскерлері бүгінде Алеппоның жартысын бақылауға алған.
Абай-ақпарат