Бейсенбі, 17 Қыркүйек 2026
46 - сөз 5760 0 пікір 18 Қазан, 2015 сағат 18:25

ГЕНАДИЙ ГОЛОВКИНГЕ АРНАУ

Сенің тұла бойыңдағы өршіген өрлікті,
Ерлікті
Мен ғана түсінем:
Екеуміз Майқұдықтан шыққанбыз,--
ГУЛАГ-тың ішінен,
КАРЛАГ-тың ішінен!
Түсінем...

Біздегі ыза-кек мұнда емес,--аржақта;
Орыстар өксіген,
Кәрістер өксіген,
Қазақтар өксіген КАРЛАГ-та!

Хомо Сапинестен—
Совето Сапиенске дейін шолып ем,
Адамзат жүрмеді Алланың жолымен.
Шеріңді сен сыртқа жұдырықпен шығарсаң,
Өлеңмен шығардым оны мен!

Шаршап та, шалдығып, 
Таяқ жеп, 
Мың арып,
Білекті сыбанып,
Жүректі ұлы ұлттық рухқа суғарып;
Сойғанмын мен-дағы зұлым мен аярды--
Рингке шығарып!

Сендегі өршіген өрлікті,
Ерлікті
Мен ғана түсінем:
Екеуміз Майқұдықтан шыққанбыз,
ГУЛАГ-тың ішінен,
КАРЛАГ-тың ішінен!
Түсінем...

Серік Ақсұңқар

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1268
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2805
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 918
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 866