Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 3556 0 пікір 17 Қазан, 2015 сағат 02:00

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ: ЖАҢА ЖОБАЛАРДЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ

Экономикалық дағдарыс қыса түссе де өңіріміздегі құрылыс қарқыны бәсеңдер емес. Басқасын айтпағанның өзінде Тал­ды­қор­ғанның 6–7-шағын аудандарындағы тоқтаусыз салынып жатқан құ­рылыс нысандарына қарап, көңіліңіз жайлана түседі, - деп жазады Алматы облыстық "Жетісу" газеті.

Облыс ау­ма­ғындағы нысандарды салуға республикалық және жергілікті бюджет есебінен қомақты қаражат қарастырылумен қатар жеке инвесторлар да өңірімізге қаржы құюға қызығушылық танытуда. Десе де саннан гөрі сапаны басты орынға қоятын жерлестеріміз нысандардың сәу­летіне, өңірге сән беретін көркемдігіне, тұрғындардың тіршілік етуі­не ыңғайлылығы мен сапасына ерекше назар аударады. Сондықтан құ­ры­лыс басталмас бұрын оған тапсырыс беруші және жобалаушы ме­ке­мелердің жұмысын саралап, сараптап алу дәстүрге айналды.

Осыған орай облыстық әкім­дікте облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдірайымовтың қаты­суымен жаңа жобалардың таныс­тырылымы өтті. Оған облыстық мекеме басшылары, Қазақстан Сәу­летшілер және Дизайнерлер одақ­тарының мүшелері мен аудан, қала­лардың бас сәулетшілері шақы­рылыпты. Жиналысқа қатысқандар алдағы уақытта өңірімізде салы­натын бір инвестициялық, 9 мем­ле­кеттік, жалпы 10 бірегей жобаның мүм­кіндігімен танысты. Шараны облыстың бас сәулетшісі Дәркен Нұржанов жүргізіп отырды.

Облыс әкімінің орынбасары ал­дымен өңірімізде салынып жатқан құрылыстардың жағдайы мен алдағы уақытта бой көтеретін нысандар туралы ақпарат беріп өтті. Келесі ке­зекте жобалаушы кәсіпорын өкіл­дерінің өз жобасын таныстыруға уа­қыт бөлінді. Осы орайда, алғашқы бо­лып сөз алған «Бис Проект» ЖШС өкілі Талғар ауданы, Бесағаш ауы­лында салынатын құрылыс заттарын сақтайтын қойма мен тұрмыстық қызмет көрсететін торап құры­лы­сы­ның жобасын таныстырды. Келе­сі ке­з­екте «ЭнергоРесурсСнаб» ЖШС-нің Талғар қаласында салынатын де­не­шынықтыру-сауықтыру кеше­ні­нің жобасы, «ПСК Градцентр» ЖШС-нің Талдықорған қаласының оңтүстік-батыс аумағынан салынатын 570 орынға арналған бассейн құры­лы­сы­ның жобасы, «Ару-ана» ЖШС-нің Талдықорған қаласында бой көте­ретін музыка мектебінің жобасы, «БарысЖоба» ЖШС дайындаған Талдықорған қаласының оңтүстік-батыс аумағынан салынатын 16 қа­бат­ты 3 тұрғын үйдің құрылыс жо­басы, «Казгипроград» ЖШС-нің Ала­көл жағалауының құрылыс жоба­сы, «Урбостиль» ЖШС-нің Жаркент – Қорғас қалақұрылысы мен өңірлік агромерациялық дамыту жобасы, «Нур Саулет» ЖШС-нің Қорғас ше­кара бойындағы халықаралық ынты­мақ­тастық орталығының толық жоба­сы сияқты өңіріміздің өркен­деуіне үлес, сәулетіне сән қосатын жоба­лар көпшілік назарына ұсы­нылды.

Басында осыған дейін де талай маманның алдынан өтіп, сансыз өзгерту мен түзету, толықтырудан өт­кен, әбден иі қанған жұмыстардың біз­ге кемшіліксіз сезілгені рас. Алай­да, елімізге танымал сәулет­шілер мен жобалаушылардың сына­ғына түс­кенде олардың кейбір ол­қы­лығы айқындалып, олқы тұстары белгілі болып жатты. Әсіресе әр жо­ба­ның қала мен елді мекендердегі жол қозғалысы қауіпсіздігіне үйле­сім­ділігі туралы көп айтылды.

Осылайша, Ғалымжан Райыл­ұлы өзінің жарты жұмыс күнін ал­дағы уақытта салынатын сәу­летті ны­сандардың жобасымен та­ны­суға арнады. Әсіресе ол жұ­мыс­тың са­па­сына айрықша мән берді. Жі­бе­ріл­ген қателіктерді сол жерде сынға алып, тез арада түзетуді тап­сырды. Осыған байланысты тап­сы­рыс бе­ру­ші және жо­ба­лаушы ме­ке­ме өкіл­де­ріне са­па­ға көңіл бөлуді ай­рықша мін­дет­теді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502