Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3462 0 пікір 15 Қазан, 2015 сағат 18:44

МӘМБЕТӘЛИН МЕН НАРЫМБАЕВ ЕКІ АЙҒА ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ

Ұлтаралық алауыздықты қоздырғаны үшін Мәмбеталин мен Нарымбаев екі айға қамауға алынды деп хабарлайды http://alashainasy.kz сайты.

Қазан айының онында Алматыда қоғам белсенділері Сержан Мәмбеталин мен Ермек Нарымбаев әлеуметтік желілер арқылы ел ішінде ұлтаралық араздықтың туындауына түрткі боларлықтай ақпаратты таратты деген күдікпен қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына жабылған болатын. Оларға азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлау белгілері бар мәліметтерді таратты деген мағынада айып тағылып отыр.

Осы іске байланысты қазанның 12-інде ҚР Қылмыстық Кодексінің 174-ші бабы, 1-ші бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ал бүгін, яки қазанның 15-і күні Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында жиналған материалдар негізінде осы азаматтарға қарсы күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы енгізілді.

«Қазіргі уақытта Мәмбеталин мен Нарымбаевқа қатысты бұлтартпау шарасын одан әрі жалғастыру мәселесі шешімін тапты. Осыған байланысты осы істі тергеу амалдары алдағы екі ай бойы үздіксіз жүргізілмек. Ал екі айдан кейін тергеуші өзінің процессуалды шешімін қабылдайтын болады», - деді сот процесіне қатысқан Алмалы аудандық прокурорының аға көмекшісі Дәурен Ауыпбаев.

Еске саламыз, Прокурорлық санкцияның пәрменімен аталған тұлғалардың үйінде тінту жүргізіліп, заттық айғақтар табылған болатын.

Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5524