Сенбі, 23 Қараша 2024
Мәйекті 6207 0 пікір 15 Қазан, 2015 сағат 08:34

ОЛ НАҒЫЗ ПРЕМЬЕР БОЛЫП ЕДІ...

Қазақстан Үкіметін 1997-1999 жылдары басқарған қазақтың ардагер ұлдарының бірі Нұрлан Балғымбаев өмірден озды. Көлденең көзге көп көріне бермейтін Нұрлан Өтепұлы кейінгі жылдары науқасқа шалдығып, аурудың зардабын тартыпты. «Сонда да мойығанын білдірген емес» деп жазады марқұммен соңғы уақыттарда жүздесіп қалған  саясаткер  Әміржан Қосанов әлеуметтік желідегі (FB) жазбасында.

Нұрлан Балғымбаев ел экономикасы екпеттеп жатқан жылдары Үкіметті басқарды. Сол қиындықтардан қайыспай, тығырықтан жол таба білді. Ұсақ саясат, интрига дегеннің біріне мойын бұрмай, турашылдығына салып, тура тартты. Ол нағыз Прмьер болып еді. Нұрлан Өтепұлының батылдығын, батырлығын дәріптеп айтып жүретін ақын Ауыт Мұқибек былай дейді:

-         Нұрлан Өтепұлы Қазақстан Республикасының премьер-министрі болған 1997 - 1999 жылдары қазақ көшінің ең бір қарқын ала бастаған мезгілі еді. Мысалы, 1997-2001 жылдар аралығында Елімізге алыс-жақын шетелден 82 мың 335 қандасымыз оралыпты. Экономикалық қиыншылықтан енді-енді көзін ашып, еңсесін көтере бастаған  мемлекет үшін бұл аз көрсеткіш емес. Мен де сол Балғымбаев тұсында (1998) келген лектің ішінде едім. Ең бастысы, сол жылдары Қазақ Үкіметінің алыстан келген ағайындарға деген қамқорлығы мен ықыласы ерекше болатын. Әкімшілік кедергі дегеніңіз атымен жоқ еді! «Соттылық» туралы құзырлы орындар ауыз ашпайтын! Жеңілдіктер де жеткілікті-тұғын... Соның бір парасы, әрине, ардақты азамат, Мемлекет және Қоғам қайраткері, мемлекетшіл тұлға осы Нұрлан ағамыздың еңбегі екені айдан анық.

Біз Сіздің сол еңбегіңізді мәңгі ұмытпаймыз, Нұрлан аға!

Алла жатқан жеріңізді Жаннаттан қылсын!

Артыңызда қалған аяулы жарыңыз бен бала-шағаңызға Сіздің жасай алмай кеткен жасыңызды жасауға нәсіп етсін Жаппар Ием!

Бақыл бол, Ардақтым!!!

 («Біздің соңғы кездесуіміз. Оның өмірден озарына тура үш ай қалыпты».

 Бодрум, Түркия. 14 шілде, 2015 жыл».

Марғұлан Сейсембаевтың әлеуметтік желідегі жеке парақшасынан алынды).

Нұрлан Балғымбаев әр жылдары мұнай және газ өндірісінде министр қызметін, «Қазақойл» мұнай-газ ұлттық компаниясының президенті қызметін атқарды. 1997 жылдан 1999 жылдарға дейін Қазақстан Республикасының Премьер-министрі болды.

Кейінірек «Қазақойл» Ұлттық мұнай-газ компаниясын» және «Қазақстанның мұнай инвестициялық компаниясын» басқарды.

2007 жылдың желтоқсанында президент кеңесшісі қызметіне тағайындалып, 2009 жылға дейін жұмыс істеді. Одан кейін Eni итальяндық мұнай-газ компаниясы ұйымының жобаларын жүзеге асыру бас директор қызметінде болды.

  АҚШ-тың  Массачусетс университетінде білім алған. «Шевронда» тәжірибе жинақтап, Мұнай және газ өнеркәсібі министрі қызметінде болған.

Мемлекеттік қызметтен кеткеннен кейін Балғымбаев жеке бизнеспен айналысып, «Қазақстанның мұнай инвестициялық компаниясын» басқарды.

Мұнайшы Балғымбаевтар әуелетінен шыққан Нұрлан Өтепұлы қазақ жеріндегі «қара алтынды» игеруге үлшеуссіз үлес қосты. Марқұмның өмірдегі жарқын істері кейінгілерге өнеге болсын. Жаннатта нұры шалқысын.

Abai.kz ұжымы

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502