Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3311 0 пікір 15 Қазан, 2015 сағат 02:00

«МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ – МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ» АРДАҚТАЛДЫ

2015 жылдың 15 қазанында Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен және «Адам және қоғам» қоғамдық бірлестігінің қолауымен «Мәңгілік елдің – мемлекеттік рәміздері» атты облыстық семинар отырысы өткізілді. Бұл туралы abai.kz порталы  хабарлайды.

Шараға Есік қаласы мен ауылдық округ әкімдері, орынбасарлары, жауапты мамандары, орта және жалпы, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің басшылары, аудандық басқармалар мен бөлімдердің өкілдері, жастар, БАҚ өкілдері қатысты.

Семинар отырысын аудан әкімінің орынбасары Б.Ахметов жүргізіп, арнайы шақырылған қонақтар, атап айтқанда ҚР Мемлекеттік рәміздері саласына қатысты жаңа стандарттар мен олардың орындалуы туралы техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің бас маманы Ж. Сатыбалдиев, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін насихаттау мен қолданудың маңыздылығы туралы тарих ғылымдарының докторы Ж.Сманқұлова өз ақпараттарымен бөлісіп, баяндамаларын оқыды.

Артынша жыл бойы ҚР Мемлекеттік рәміздерін насихаттауда белсенділік танытқан азаматтар, ауылдық округ әкімдері мен орынбасарлары арнайы алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, «Адам және қоғам» қоғамдық бірлестігінің атынан 11  отбасыға азық –түлік себеттері, 10 оқушыға кеңсе тауарларының жинағы үлестірілді.

abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5504