Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3987 0 пікір 5 Қазан, 2015 сағат 13:37

ҚЫРҒЫЗСТАНДА САЙЛАУ. ПРЕЗИДЕНТТІК ПАРТИЯ АЛДА КЕЛЕДІ

Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы парламент сайлауына дауыс берудің алдын-ала нәтижесі бойынша, алты партияның 7 пайыздық және 0,7 пайыз аймақтық межеден өткенін хабарлады.

Соңғы түскен ақпаратқа сәйкес, әзірге Қырғызстанның Социал-демократиялық партиясы 48% дауыс жинап, парламенттен 37 мандатқа ие болса, оппозициялық Ата-Журт республикалық партиясы 20 процент дауыспен 28 мандат алып, екінші орында келеді. Қалған төрт партия – «Қырғызстан» -18, «Онугуу-Прогресс» - 13, «Бир бол» - 12 және «Ата Мекен» - 11 мандатпен 120 орындық парламентке барады.

4 қазанда өткен парламент сайлауына үміткер ретінде қатысқан қалған 8 партия 7 пайыздық межені еңсере алмады. Дауыс беруге бірінші рет биометриялық идентификациялық карта бойынша тіркелген 2,7 млн сайлаушының 60 проценті қатысқан. Мұндай жүйе Орталық Азия елдері бойынша бірінші рет Қырғызстанда қолданылып отыр.         

Сайлауда болуы мүмкін алаяқтық қатаң түрде алдын алынды делінгенімен, ондаған заң бұзушылық орын алғаны хабарланды.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев сайлаушыларды тұрақтылықты сақтауға шақырды. Ол сонымен бірге сайлау нәтижесіне қарсы келушілерді «қатаң түрде жазалаймыз» деп ескертті.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377