Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 7052 0 пікір 5 Қазан, 2015 сағат 09:01

ГҮЛБАРШЫН ТЕРГЕУБЕКОВАНЫҢ "МӘҢГІЛІК ЕЛ" КОНЦЕРТІНЕ ШАҚЫРАМЫЗ!

Қадірлі алматылықтар және қала қонақтары!

Сіздерді қазақ эстрадасының жарық жұлдызы,алаш сахнасының көрнекті өкілі, дәстүрлі әндердің дарынды орындаушысы, "Құрмет" орденінің иегері, "Қасымның әндері-ай", "Абай әндері", "Алматы – ғашықтар мекені" атты жобалардың негізін қалаушы және жетекшісі, халқымыздың аяулы қызы Гүлбаршын Тергеубекованың

                            "МӘҢГІЛІК ЕЛ"

     атты концертіне шақырамыз.

Ән кешіне эстрада жұлдыздары қатысады. Сценарий авторы және шығармашылық кеңесшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дидар Амантай. 

 

      Мекенжайымыз: Алматы қаласы, "Республика сарайы"

       Уақыты: қарашаның 19-шы жұлдызында, сағат 19.00-де

 


;feature" type="application/x-shockwave-flash">;feature" />

 

                          ҰЛЫ ДАЛА ӘНШІСІ

Халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты, әнші, продюсер, "Қасымның әндері-ай", "Абай әндері", "Алматы – ғашықтар мекені" атты атты концерттік жобалардың негізін қалаушы және жетекшісі, халқымыздың аяулы перзенті Гүлбаршын Ыбырайқызы Тергеубекова 1971 жылы 04 наурызда Қарқаралы баурайында жатқан, Қарағанды облысына қарасты аудан орталығы – Егіндібұлақта дүниеге келген.

Гүлбаршынның алтыншы арғы бабасы – қазақтың атақты төбе билерінің бірі – Қаз дауысты Қазыбек би.

 

Гүлбаршын 1978-1988 жылдары Бұқар жырау ауданына қарасты Амангелді ауылында орта мектепте оқып, екі жылға жуық арада Қарқаралы аудандық (қалалық) Мәдениет Үйі мен Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағады облыстық драма театрында әкімшілік-ұйымдастырушы қызметінде болады.

1990 жылы ол Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясына оқуға түседі. Оны 1995 жылы вокал (халық әні мен домбыра) мамандығы бойынша бітіріп шығады.

Кейінгі жылдары, 2000 жылдарға дейін Т.Жүргенов атындағы Театр және кино институтында өз мамандығы бойынша дәріс береді.

Соңғы жылдары (он бес жыл бойы) Гүлбаршын Тергеубекова тек шығармашлықпен айналысып келеді. 

Оның репертуарында құйқылжыған Арқа әндерімен қатар бүгінгі заманауи эстрадалық әндер бар.

Гүлбаршынның орындауында Біржан сал, Ақан сері, Балуан Шолақ, Естай, Мәди, Майра, Үкілі Ыбырай, Қасым Аманжолов, Шәмші Қалдаяқов, Ескендір Хасанғалиев, Әсет Бейсеуов тәрізді классикалық дәуірдің және заманауи композиторлардың әндері аса бір халықтық орындаушылық сипатқа ие болады.

2012 жылдан бастап Гүлбаршын Тергеубекова "Қасымның әндері-ай", 2015 жылдан бастап "Абай әндері" атты концерттік жобаларды қолға ала бастады. Ендігі кезекте "Алматы – ғашықтар мекені" атты ұжымдық концерт жобасы тұр.  

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5379