Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 5769 0 пікір 5 Қазан, 2015 сағат 06:56

ҚАРТТАРЫН ҚАДІРЛЕГЕН ЕЛ АРДАҚТЫ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов қарттар күні мерекесіне орай ұйымдастырылған «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты дөңгелек үстелде зиялы қауым мен бірқатар ҰОС ардагерлерімен кездесті. Жиында аймақ басшысы әлеуметтік мәселелерді көтерген ел ағаларымен еркін сұқбаттасып, пікір алмасты деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

− Оңтүстік Қазақстан облысының басшылығына келгеніме екі айға жуық уақыт болды. Қазіргі таңда аудандар мен қалаларды аралап, облыстың тыныс-тіршілігімен танысып жүрмін. Сіз болып, біз болып,  өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қоссақ, Елбасының сарабдал саясатының орындалғаны деп білем. Аға буын өкілдері - Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз  біз үшін маңызды. Алдағы уақытта бірлесе атқаратын міндеттер көп. Жаңа іс-шаралардың жоспарын бекітіп, жұмыс жасаудамыз, − деді облыс әкімі.

Әр салада еліміздің дамуына елеулі үлес қосып, аянбай еңбек еткен зиялы қауым өкілдері бүгінгі күннің өзекті мәселесі болған білім, денсаулық, мәдениет, әлеуметтік салалар төңірегіндегі ойларын ортаға салып, қоғамда кездесетін кейбір олқылықтардың шешу жолдарын ұсынды. 

Кездесуде өңір басшысы ұрпақтар сабақтастығын арттыру мақсатында Ардагерлер аллеясын ашу жайлы ұсынысын айтты. Қарттарға қамқорлық жасау – біздің міндетіміз деген Б.Атамқұлов ел ағаларына құрмет көрсетіп, сый-сияпат жасады. 

Бүгінгі таңда облыста 210 мыңнан астам зейнеткер тұрады. Олардың ішінде 388-і Ұлы Отан соғысының ардагері болса,  22355 тыл еңбеккері. Жеңістің 70 жылдығына орай 23 майдангер тұрғын үймен қамтамасыз етіліп, 297 ардагердің баспанасы күрделі жөндеуден өтті.

Облыстағы ардагерлерімізге «Қамқорлық» акциясы шеңберінде қоғамдық көліктерде тегін жүруге, коммуналдық қызметтерге жеңілдіктер қолданылып келеді. Биылдың өзінде аталған акция шеңберінде 19,5 мыңға жуық ардагерге көмек көрсетілді. Қарттарымызды сауықтыру және денсаулығын бақылау мақсатында жыл сайын облыстық бюджет есебінен 8 мыңға жуық ардагер денсаулығын түзеуге мүмкіндік алады.

Сондай-ақ, 550-ге жуық 80 жастан асқан жалғызілікті қариялардың зейнетақыларына үстеме ақы төленеді.

  Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377