Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3665 0 пікір 2 Қазан, 2015 сағат 07:08

АХМЕТОВ ІСІ: АЙЫПТАЛУШЫ АЛҒЫС АЙТТЫ

Сот кезінде Ернар Дәрібеков тергеу барысында әйелімен кездесуге рұқсат бергені үшін тергеу тобының жетекшісі О.Кексельге алғыс айтты деп жазады BNews.kz.  

ҚР экс-премьер-министрі Серік Ахметовтің ісі бойынша өткен сот отырысы кезінде айыпталушылардың бірі Ернар Дәрібеков әйелімен кездесуге мүмкіндік бергені үшін жедел-тергеу тобының жетекшісі О.Кексельге алғысын жеткізді.

«Сонымен қатар, мәртебелі судья, Олеся Иванованың әйеліммен кездесуге рұқсат бергені туралы мәлімдемесін шынымен растап, сол үшін зор алғыс айтамын», – деді Е.Дәрібеков.

Мұның бәрі тергеу тобы жетекшісінің тергеу амалдары кезінде айыпталушылардың жеке өтініштері мен сұраулары қанағаттандырылады деген сөздеріне дәлел бола алады. Сонымен қатар, Олеся Кексель мәлім еткендей, айыпталушы Ахметовтің жеке өтініші, жеке қалауы бойынша тергеу амалдарын жүргізу де бірнеше рет кейінге қалдырылып келген.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373