Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Ұят-ай! 10615 0 пікір 30 Қыркүйек, 2015 сағат 15:58

ГОМОСЕКСУАЛДЫҚ ДЕРТІ: СІЗ КІМСІЗ, ЖАНАР ХАНЫМ!

Қазақстандағы көгілдірлердің құқығы халықаралық сахнада талқылана бастады. Варшавада өткен ЕҚЫҰ-ның конференциясында қазақ қоғамының белсендісі Жанар Секербаева Қазақстанда «көгілдірлердің» құқықтары бұзылып жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Жанар Секербаева қыркүйектің 28-і күні өткен аталған Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) адам өлшемі жөніндегі конференциясына тіркелмеген «Қазақстандық феминистік бастама» ұйымы атынан қатысқан. Ол өзі де, әріптестері де ЛГБТ құқықтарын қорғау қызметін ашық атқара алмай келе жатқандықтарын айтқан.

Жанар Секербаева, қоғамдық белсенді:

Қазақстанда жағдай нашарлап барады және гомофобияның бәсеңдегенін байқататын еш белгі жоқ. Өйткені hate speech (өшпенділік риторикасын, Ред) көбінесе массмедиа таратады. Қарағандылық екі әйел туралы жазған сияқты, олар әуелі адамның гендерлік тегін қопарып шығады. Әлгі әйелдер үйленіп, кейін біреуі серігін өлтірген. Сол кезде ақпарат құралдарында «лесбилердің үйлену тойы қайғылы аяқталды», «лесбилер бір-бірін айуандықпен өлтірді» деген тақырыптар қаптап кетті. «Лесбиянка» сөзін қолданды. Мұндай мысалдар көп.

Жанар Секербаева қыркүйектің 30-ы күні ЕҚЫҰ-ның Варшавада өтіп жатқан конференциясы аясында тағы бір шараға қатысып, Қазақстандағы ой еркіндігі туралы айтуды және Қазақстандағы көгілдірлердің құқын бұзуға қатысты проблеманы тағы қозғауды жоспарлап отыр. 

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963