Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 7501 0 пікір 30 Қыркүйек, 2015 сағат 12:34

МЕККЕДЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АЗАМАТ ҚАЗА БОЛДЫ

Меккеде қажылық кезінде қазақстандық Нұрсұлтан Алпысбаев қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам жүрек талмасынан 25 қыркүйекте көз жұмған, алайда бұл туралы бүгін ғана белгілі болды. Туыстарының сөзіне қарағанда, ер адам бұған дейін де Меккеге қажылыққа барған. "Ол адамдар сығылысқан кезде болмаған. Барлық рәсімнен өтіп, үйге ұшып келуі тиіс болатын. Бірақ ол топтан қалып қойып, жоғалып кеткен. (...) Үш күннен кейін ол Меккедегі мәйітханадан табылды. Бізге ол жүрек талмасынан көз жұмған деп хабарланды", - деді туыстары.

Алпысбаевтың Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің қызметкері екені анықталып отыр. "Иә, ол Меккеде қаза тапты, бірақ оның қайтыс болу себебі бізге белгісіз. Алпысбаев 1951 жылғы, біздің оқу орнымызда 1980 жылдан бері қызмет еткен. Оның соңғы қызметі: әлеуметтік ғылым факультетінің денешынықтыру кафедрасының аға оқытушысы. Біз олардың туыстарына көңіл айтамыз", - деді университеттің баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен қатар, Қазақстан СІМ-нен бұл жағдайға қатысты түсінік алу мүмкін болмады. Оның туыстарының айтуынша, қазақстандықтың денесін елге әкелу мәселесі әзірше шешілген жоқ.

Бұған дейін Меккеге жақын жердегі ауруханада 24 қыркүйекте Қазақстанның азаматшасы көз жұмды, ол 78 жастағы зейнеткер.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963