ЖАПОН МЕН ҚАЗАҚ
Жапонияда 128 млн халық бар екен, соны басқарып отырған 9 мың шенеунік, бізде - 17 млн. халық, шенеунігіміз - 100 мыңға жетіп қалыпты.
Осындағы, ой, шіркін, төрде отырған төренің,
Қарай алмай жүзіне, қыпылықтай беремін.
Халқы –кедей,
Көгеріп бара жатыр көздері...
Ал, мыналар - бір мырза!
Байып алған өздері...
Бір қатынды асырай алмай жүрсек, (ұл-қыз бар),
Тоқалдары - үш-төртеу,
(Һәм бәрі де - жұлдыздар!).
Ойымыз - он, ақыл да бара жатыр алтау боп,
Олар...
Бізді ойлайды: «Жатып ішер жалқау!» - деп.
Сырт жүнімді көрсетіп, бөрідейін паң басам,
(Қайдан, қалай байимын қалам ақы да алмасам?!).
Осындағы, ой, шіркін, төрде отырған төренің,
Қарай алмай жүзіне, қыпылықтай беремін!
Түсінбеймін, неге осы төрде отырған төренің,
Қарай алмай жүзіне, қыпылықтай беремін?!.
Ей, төрем-ай, төрем-ай, қалай көрем бетіңді,
Түсініксіз бұ дүние, ойға батсам не түрлі
Алтынның үстінде отырған қазақ пен,
Судың үстінде отырған жапон секілді!
27. 09. 2015 ж.
Серік Ақсұңқар
Facebook-тегі парақшасынан