ЭКС-БАРЛАУШЫ: "РЕСЕЙ ҚҰЛАЙДЫ"
Ресей президенті Владимир Путин Украинаға басқыншылық жасап, Екінші дүниежүзілік соғыста қалыптасқан елдер арасындағы тепе-теңдікті бұзды. Бұл Ресейдің бөлініп-бөлшектенетінін көрсетеді, - деп хабарлайды joinfo.ua сайты.
Аталған басылымның жазуы бойынша, бұл пікірді Ресейдің белгілі жазушысы, экс-барлаушы Виктор Суворов айтқан. (Қараңыз: http://joinfo.ua/politic/1078277_Razval-Rossii-gorami---Putinu-ochen-skoro.html)
"Путин Пандора жәшігін ашты. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, яғни Кеңестер Одағы Ұлы Отан соғысында жеңіске жеткеннен кейін, елдер арасында мынандай: «жігіттер, енді біз ескі жағдаяттарды қозғамай-ақ қоялық, шекараға да тиіспейік, осыған дейін қалай қалыптасты, солай қалсын» деген бейресми келісім болды. Путин әлемдегі осы тепе-теңдікті бұзды. Біз оның Украинадан Қырымды алуы жақсылық па, жамандық па, талқыламай-ақ қоялық. Біз үшін оның тепе-теңдікті бұзғаны қорқынышты», - дейді ол.
Суворов жуық арада Ресей жасаған қателігінің жазасын тартатынын айтады.
"Финляндия: "Сіздер бізден Выборгті алып алғансыңдар", немістер болса: «Сіздерде біздің Кенигсберг қалды және біз оны 20 жыл бұрын, 1995 жылы алуымыз қажет еді. Қайтарыңыздар» деп талап қоя бастайды. Жапония бар, Қытай бар, ол аз десеңіз өзгелер шығады. Путин тепе-теңдікті бұзғандықтан өте жақын уақытта осындай мәселелер көтеріле бастайды. Мен осы өмірде ме, жоқ о дүниеде ме, білмеймін, әйтеуір ол тозақ отына түседі.
Суворов Ресейдің бөлшектенетіні ақиқат екенін және өте жақын уақытта ыдырайтынын баса айтады.
«Ресейге не болады?» дейсіздер ғой, Ресейден үміт жоқ, шаңырағы опырылып ортасына түседі. Ең негізгі айтайын дегенім, бұл біздің ғасырда болатын жағдай, біз оны өз көзімізбен көреміз», - деді ол.
Қанат Бірлікұлы
Abai.kz