Бейсенбі, 17 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4407 0 пікір 21 Қыркүйек, 2015 сағат 17:28

АҚШ СИРИЯДА РЕСЕЙДІҢ ҰШАҚТАРЫ ПАЙДА БОЛҒАНЫНА АЛАҢДАЙДЫ

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Сирияда Ресейдің «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобына қарсы жойғыш ұшақтың пайда болуы АҚШ басшылық ететін халықаралық коалицияға қауіп төндіруі мүмкін деп мәлімдеді. Ол мұны Лондонда британдық әріптесі Филип Хэммондпен кездесуден кейінгі баспасөз мәслихатында айтты.

Ресей өз кезегінде ИМ-ға қарсы Сирияда әскерлерін күшейтіп жатқанын мәлімдеді. Алдында Джон Керри Вашингтон Сириядағы ішкі кикілжіңді реттеу үшін сол елдің президенті Башар Асадтың отставкаға кетуі мүмкіндігін кейінге қалдырады деген болатын.

Мемлекеттік хатшы сонымен бірге Ресейді және Иранды Башар Асадпен келісімге отырып, Сириядағы жағдайды бейбіт түрде шешуге шақырды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1260
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2793
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 911
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 859