Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4310 0 пікір 18 Қыркүйек, 2015 сағат 11:07

«ТАРИХИ ФОТОСУРЕТТЕР» БАЙҚАУЫ МӘРЕГЕ ЖАҚЫНДАДЫ

 Өмірдің бір қасқағым мезгілін сәтімен түсірген фото ертеңгі күннің айнымас шежіресіне айналуы әбден мүмкін. Мұндай құнды фотолар кей кездері көлемді зерттеу еңбектің де жүгін арқалап тұратынын көбіміз байқай бермейміз. Өткен ғасырлардан бізге жеткен бірлі-жарым тарихи фотолар ұлтқа қатысты қаншама ақпарат пен деректі арқалай келетінін мойындауымыз абзал. Ол еңбектердің құны уақыт алға жылжыған сайын арта түспек.

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі фотосуреттердің осындай құнды да бағалы қырларын аша түсу мақсатында «Тарихы фотосуреттер» деген атаумен республикалық фото байқау жариялап отыр. Байқау Қазақ хандығының 550 жылдығы, Жеңістің 70 жылдығы, ҚР Конституциясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы тақырыбына арналады. Фото конкурсқа кез-келген жас мөлшеріндегі кәсіби де, әуесқой да фотографтар қатыса алады.

Фотолар түрлі түсті немесе ақ, қара реңді болса да жарай береді. Фото байқау 2015 жылдың ақпан айында жарияланған болатын. Алдағы қазан айының соңына дейін фотоларды қабылдау жалғаса бермек. Осы уақытқа дейін көптеген фото әуесқойлар мен фотографтар қабарласып, конкурсқа қатысатындығын ескертуде.

Біраз суреттер мен фотолар қазірдің өзінде келіп түсуде. Фото байқаудың қаржылай жүлделі орындары бар. Бірінші орынды иеленген фотографқа қаржылай жүлденің сыртында Ұлттық музей жеке көрме ұйымдастыруға мүмкіндік бермек. Қазір техника мен технологияның жетілген дәуірінде кез-келген адам өмірдің бір қасқағым сәтін шежіреге айналдыруға мүмкіндігі бар. Қымбатты оқырман байқауға қатысып сізде бағыңыз бен фото шеберлігіңізді байқап көріңіз.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5470