Сенбі, 23 Қараша 2024
Мәйекті 8145 0 пікір 22 Ақпан, 2016 сағат 11:29

БОРАТ ҚАЗАҚТАН ҚОРҚЫП РЕСЕЙГЕ КЕЛУДЕН БАС ТАРТТЫ

Жақында аты шулы сайқымазақ Саша Барон Коэн ашулы қазақтардан қорқып, Мәскеудегі гастрольдік сапарынан бас тартқан. Бұл туралы ресейлік «Котонавты» порталы жазады.

Ресейлік ақпарат құралдарының жазуынша, қазігі Голливуд жулдыздарының ішінде өзінің сайқымазақтығымен көп көзіне танылып үлгерген актер Саша Барон (Борат) ақпан айында өтуі тиіс болған Мәскеудегі гатрольдік сапарынан бас тартқан.

Айта кетейік, Саша Барон Коэн еуропалық промутерлердің ұсынысы бойынша түсірілген, өзі басты рөлді сомдайтын «Гримсбилік бауырлар» (Братья  из Гримсби) фильмінің тұсаукесерін өткізуі тиіс болған. Сондай-ақ, атақты сайқымазақтың бұл сапары барысында ресейлік жүргізуші Иван Урганттың ток шоуына қатысу және жанкүйерлермен фотосессиясы жасау  жоспарланған. «Columbia Pictures» студиосының басшылары Саша Барон Коэнның бұл шешімі туралы түсінік беруден бас тартқан.

Ресейлік сайттың жазуынша, Саша Барон Коэн видео хабарлама қалдырып, Мәскеудегі сапарынан бас тартуға не себеп болғанын түсіндірген. Сайқымазақ Сашаның хабарламасында, Мәскеуге келуден бас тартуына, жергілікті қазақ этносы өкілдерінің тарапынан жасалған қоқан-лоққы себеп болғандығы айтылған.

«Менің Мәскеуге келуіме бірнеше тосқауыл болып тұр. Жергілікті қазақтар мені үркітіп-қорқытты. Тіпті менің қатысуыммен Мәскеуде өтетін біздің баспасөз конференциясына оншақты қазақ журналистері қатысады екен. Маған белгілі болғандай, олар алдын-ала акредициядан да өткен. Міне, сол қазақ журналистері «Борат» фильмі үшін мені таяқтың астына алатынын айтқан. Мен өзімді мұндай қауіпке итермелей алмаймын. Оның үстіне ашулы қазақтар Иванның (Ургант) бағдарламасында да қастандық жасауы мүмкін. Әлеуметтік желілерде таралған осы ақпараттар менің Ресейге сапарымнан бас тартуға жеткілікті болды», - дейді Саша Барон Коэн (http://vk.com/wall-48760195_816049).

Бұл күнде мазаққа қазақтың еті үйренген. Құзырлы органдардың үндеместігі мен қазақтардың көнбістігі қосылып, өзгелердің егемендігіміз бен мемлекеттік құндылықтарымызға қол сұғуына жол беріп келді. Бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстанның «анти-жарнамасын» жасап берген «Боратты» шама-шарқымыздың келгенінше сынадық, жауапқа тартуды талап еттік. Барынша бажайлағанымызбен, билік жақтан былқ еткен бет көрмедік.

Түйін: Ресейде тұратын 1,5 миллион қазақтың қаһары «Бораттың» зәре-құтын қашырса керек, қазақтардан қорқып, әлгі сайқымазақ Саша Ресейге жасауы тиіс болған сапарынан бас тартыпты. Бұны естідік, бәрекелді демеске шараң жоқ...

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5399