Жұма, 22 Қараша 2024
Білгенге маржан 8345 0 пікір 22 Ақпан, 2016 сағат 10:42

ҚОРҚОР ШЕГІП, ҚОР БОЛДЫҚ

Зерттеу нәтижелеріне сенсек, бір сағат қорқор тарту- жүз тал темекі шегумен тең екен. Ал, “қорқоршылардың” күніне қанша сағат тартатынын кім білсін? Олардың көбі қорқордың адам денсаулығына келтірер зияны жоқ деп ойлайды. Шындығына келер болсақ, табактың қандай түрі болмасын, олардың барлығында жүйкені улайтын никотин болады. Никотин шегетін ағзаның қалауын толық қанағаттандыру үшін адамға 20-80 минут қорқор тартуға тура келеді екен. Оны тарту кезінде көп күш жұмсалады. Соның салдарынан, түтін өкпенің терең тұстарына кіріп кетеді.  Мүштек (мундштук) сору түтігін бірнеше адам пайдаланады. Гигиеналық тұрғыдан зиян болғандықтан, сілекей бездері арқылы таралатын гепатит, туберкулез, герпес сияқты аурулардың жұғуына алып келеді.

Жалпы, алғаш қорқор Үндістанда пайда болып, содан кейін, бүкіл мұсылман еліне тез тараған деседі. Ол XIX ғ. Европаға танымал болып, сәнге айналды. Әр халықтың қалауы бойынша оны әр түрлі атады. Мысалы: Албанияда – “лула”, Румынияда – “трубка”, Өзбекстанда –  “чиллим” т.б. Қоқорды көбінесе, шетелдерден сувинир ретінде алып келеді. Бірақ, оны көрген адамдар өз-өздерін ұстай алмай қалады. Міне, осылай алданып оған тәуелді болады.

Ал біздің елімізге қорқордың қашан келгенін нақты айту қиын. “Алайда, Ілияс Есенберлиннің “Көшпенділер” деген романында мынадай сөздер кездеседі: “Бұл қалада бәрі әдеттегідей, анау бөдене соғыстарған топ та, әне анау қорқор тартып, геджак тыңдап отырған мырзалар да… Бәрі де күндегі салтында”- дейді qazaquni.kz

Осыдан біраз жыл бұрын Италия қоғамдық орындардың барлығында қорқор тартуға тыйым салып тастады. Қазіргі кезде бұл елде қорқор ұсынатын бірде бір мейрамхана, бар не клубты таппайсыз. Нәтижесінде, италиялықтар бірте-бірте шишалы шүмектен түтін сору секілді зиянды әдеттен толық арылды. Бүгінде Ресейде, тіпті, Араб елдерімен бірге қорқордың бір отаны саналатын Түркияда да оған тыйым салған. Айыппұл жазалары мен шектеулерді Швеция, Германия, Франция және басқа да дамыған елдер енгізді.

Осы елдердің тәжірибесіне назар аударған Қазақстан, қоғамдық орындарда қорқор шегуге тыйым салды. Алайда, қорқор қызметін ұсынатын мекемелер әлікүнге дейін бұрынғыдай жұмыстарын жалғастырып жатыр. Ал онда істейтін қызметшілердің көбісі студенттер…

Сауық-сайранға кеткен ақшаны игі іске жұмсаса қайтер еді? Ата-анасының тірнектеп тапқан ақшасын құр-бекереге шашып жүргендер қанша ма? Шіркін, солар өз қолдарымен ауруды сатып алып жүргендері туралы ойланса екен.

Гүлжайна Саяқбаева

«Алауинформ»

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320