Сәрсенбі, 23 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3940 0 пікір 22 Ақпан, 2016 сағат 09:50

119 АДАМ ТЕРРОРЛЫҚ ШАБУЫЛ ҚҰРБАНЫ БОЛДЫ

Сирияда өткен жексенбіде болған жарылыстың салдарынан 119 адам қаза тапты. Бұл шабуылды "Ислам мемлекеті" экстремистік тобы мойнына алды.

Хомс қаласының негізінен алавиттер тұратын орталық ауданында екі көліктің жарылуынан 57 адам көз жұмып, ондаған жан жараланды. Дамаск іргесіндегі шииттік Сайид Зейнаб мешітінің жанында болған бірнеше жарылыс салдарынан 62 адам қаза тапты. Дамасктің түскейіндегі Сайид Зейнаб қалашығындағы жарылысты "Ислам мемлекеті" экстремистік тобы мойнына алды. Мұнда автокөліктер жарылған соң, екі жанкешті содыр адамдар арасына кіріп өздерін жарып жіберген. Осы аудандағы Сайид Зейнаб мешітін шииттер қасиетті санайды. Ол жерде Мұхаммед пайғамбардың немересі және Әли имамның қызы - Зейнаб жерленген. Жыл сайын мұнда Ирак, Иран және Ливаннан мыңдаған тәу етуші жиналады. Мешіт пен оның жанындағы қонақүй кешені жақсы күзетіледі, оның іргесінде Сирияда президент Башар Асадтың жағындағы күштерге көмектесіп жатқан "Хезболлах" шииттік әскери тобы жауынгерлерінің қосыны орналасқан.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1393
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2970
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1041
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 972