Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3293 0 пікір 18 Ақпан, 2016 сағат 12:24

ҚАЗАҚСТАН ӘДІЛ САЙЛАУ ӨТКІЗУ ПРИНЦИПТЕРІН ҰСТАНАДЫ

Қазақстан бәсекеге қабілетті, ашық және әділ сайлау өткізу принциптерін ұстанады, деді Қазақстан Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюро миссиясының басшысы Борис Фрлецпен болған кездесуде. Жиында 20 наурызында өтетін парламент сайлауына қатысты мәселелер талқыланды, - деп жазады baq.kz.  

«Алдағы парламент сайлауы ел тәуелсіздігін нығайту жолындағы кезекті қадам боларына сенемін. Сайлауды жоғары демократиялық стандарттар негізінде ұйымдастырып, қоғамның 100% сенімін қамтамасыз етуге ниеттіміз. Үміткерлерге қойылатын талаптар мен сайлауды өткізу ережелері Конституциямыз бен сайлау заңнамасында жазылған», - деді ведомство басшысы.

Сонымен қатар, Е.Ыдырысов сайлауға 11 халықаралық ұйымнан халықаралық байқаушылар және 19 елдің орталық сайлау комитетінің өкілдері шақыртылғанын атап өтті.

Өз кезегінде, Б. Фрлец еліміздегі сайлауды бақылауға уақытында шақырғаны және миссияның жұмысы үшін қолайлы жағдай жасағаны үшін алғыс білдірді. ЕҚЫҰ ДАҚБ миссиясы Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауын бақылауға ресми түрде 17 ақпанда кірісті.

Кездесу соңында тараптар алдағы кезеңде сындарлы және тығыз ықпалдастыққа дайын екенін растады. 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5458