Сәрсенбі, 9 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2988 0 пікір 17 Ақпан, 2016 сағат 10:05

ТҮРКИЯ СИРИЯДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯ БАСТАУҒА ШАҚЫРДЫ

Түркия халықаралық одақтастарын біріккен құрлықтағы операцияларды бастауға шақырды.

Жоғары лауазымды түрік шенеунігінің хабарлауынша, құрлықтағы іс-әрекеттерді бастамай, Сириядағы әскери қақтығысты тоқтату мүмкін емес.

Түркия 260 мың адамның өмірін жалмаған бес жылдық соғысты тоқтатудың басты шарты ретінде Сирия президенті Башар Асадты биліктен тайдыру деп санайды.

Бұған Асадты қолдайтын Иран мен Ресей түбегейлі қарсы. Иран сейсенбі күні ресми Дамаскінің рұқсатынсыз сирия жеріндегі кез-келген әскери қимыл халықаралық құқықты бұзатынын ескертті. Сауд Арабиясы «Ислам мемлекеті» террорлық тобына қарсы қимылдарға қатысу үшін Сирияға арнайы жасағын жіберуге дайындығын мәлімдеді.

Соңғы кездері Сирия президенті Башар Асадты қолдайтын Ресейдің жүргізіп отырған әуе соғысы өңірдегі ахуалды шиеленістіріп жіберді. Анкара Мәскеудің әрекетін "қатігез және жабайы" деп атаса, Еуропалық кеңес төрағасы Дональд Туск Мәскеудің қылығы дағдарысты шешуге «үміт қалдырмай отырғанын» атап өтті.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1676
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4431
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3416