Бейсенбі, 24 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3609 0 пікір 16 Ақпан, 2016 сағат 08:59

ӘУЕ ШАБУЫЛЫНАН СИРИЯДА КЕМІНДЕ ЕЛУ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ

БҰҰ-ның мәліметінше, Сирияның көтерілісшілер бақылайтын солтүстік ауданына жасаған әуе шабуылынан кемінде 50 бейбіт тұрғын қайтыс болды.

БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның мәлімдемесінде әуе соққыдан 5 аурухана мен 2 мектеп, сонымен бірге "Шекарасыз дәрігерлер" халықаралық ұйымының қолдауымен жұмыс істеп жатқан аурухана да зардап шеккені айтылған. Пан Ги Мун әуе шабуылдарын "халықаралық заңдарды өрескел бұзып отыр" деп атады.

Әуе шабуылдарды сонымен бірге Еуропалық одақ пен АҚШ-та сөкті. АҚШ мемлекеттік департаментінің мәлімдемесінде бұл соққылар Ресей мен Башар Асад режиімінің таяуда күшіне енетін соғысты тоқтату жөніндегі келісімнің орындалуына күмән келтіретіндігі айтылған.

Сириялық оппозиция өкілдері әуе соққыны не ресейлік ұшақ не үкімет өкілдері жасады деген сенімде. Мәскеудегі Сирия елшісі Риад Хаддад әуе соққының жауапкершілігін АҚШ-қа және оның одақтастарына артты.

Ал Дамаскіге Сирия билігі мен оппозиция арасында келіссөзге дайындық жүргізу үшін БҰҰ-ның Сирия жөніндегі арнайы елшісі Стаффан де Мистура келді. Келіссөз 25 ақпанда Женева қаласында өтеді деп күтіледі.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1423
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2995
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1069
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1001