Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3824 0 пікір 12 Ақпан, 2016 сағат 13:44

РЕСЕЙЛІК САРАПШЫЛАР ЕЛІМІЗДЕ ӨТЕТІН САЙЛАУ ЖАЙЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

Мәскеуде «Қазақстандағы мерзімінен бұрын парламенттік сайлау және ресейлік-қазақстандық қатынастардың мүмкіндіктері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, - деп хабарлайды Қазақпарат.

Шараны М.В. Ломоносов атындағы ММУ посткеңестік кеңістікті зерттеу бойынша ақпараттық-сараптамалық орталығы мен «Россия сегодня» ХАА-ның Зиновьев клубы ұйымдастырды.

Жетекші ресейлік сарапшылар мен саясаттанушылар Мәжіліс сайлауының өту себептерін, жаңа сайлау циклінің ерекшелігін талқылап, бүгінгі ресейлік-қазақстандық қатынастарға баға берді.

Дөңгелек үстел модераторы, М.В. Ломоносов атындағы ММУ посткеңестік кеңістікті зерттеу бойынша ақпараттық-сараптамалық орталығының бас директоры Сергей Рекеда Ресейдің Қазақстандағы сайлауға қызығушылық танытып жатқанын атап өтті.

Өңірлік мәселелер институтының директоры Дмитрий Журавлев дәл қазір сайлаудың өтуі орынды екенін айтты. Өйткені күрделі экономикалық жағдай стратегиялық шешімдерді талап етеді.  

Оның пікірінше, саяси жүйе саяси элита жаңарған жағдайда ілгері басады.

«Қазіргі Қазақстандағы сайлау елдегі кадрлық құрамды жаңартудың жақсы мүмкіндігі. Бұл тұрақтылыққа зиянын тигізбейді, дегенмен ары қарай дамуға серпін береді», - деді ол.

«Север-Юг» саясаттану орталығының жетекші сарапшысы Александр Караваев Мәжіліс сайлауынан бөлек жергілікті билік органдарының- мәслихат сайлауы өтетінін, оған 3 395 адам сайланатынын еске салды.  Ол қзіргі сайлауды атқарушы биліктегі шенеуніктердің біліктілігіне сынақ жүргізу секілді депутаттық корпусты қайта аттестациялаудың баламасы ретінде салыстырып көрсетті.

ЕАЭО Институтының директоры Владимир Лепехин Қазақстан посткеңестік кеңістіктегі жаңғыруды бастан кешіріп отырған жалғыз ел екенін айтты.  

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5529