Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2987 0 пікір 10 Ақпан, 2016 сағат 09:05

КЕРРИ: РЕСЕЙ СИРИЯДАҒЫ БЕЙБІТШІЛІККЕ ҚОЛБАЙЛАУ БОЛУДА

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри Ресейдің Сириядағы әрекеттері бес жылға созылып бара жатқан соғысты келіссөздермен аяқтауға мүмкіндік бермей отырғанын мәлімдеді.

Ресейлік әуе соққыларына арқа сүйеген сириялық үкіметтік әскер көтерілісшілердің бірқатар тірек бекіністерін қоршауға алды және бұл жағдай өткен аптада БҰҰ ұйымдастыруымен Женевада басталған бейбіт келіссөздердің үзіліп қалуына әкелді.

"Ресейдің Алепподағы және осы өңірдегі әрекеттері келіссөздер үстеліне отырып, байсалды түрде келісуді қиындатады ", - деді Керри. АҚШ Мемлекеттік хатшысы ресейлік әріптесі, сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен 10 ақпанда Мюнхенде кездеседі. Лавров Мәскеудің Вашингтонға Сириядағы соғысты тоқтатуға қатысты жаңа ұсыныстар жасағанын хабарлады. Ол жаңа жоспарды қарапайым деп атағанымен, оның егжей-тегжейін ашып жатпады.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475