Бейсенбі, 22 Мамыр 2025
Жаңалықтар 3555 0 пікір 8 Ақпан, 2016 сағат 18:36

МАЙДАНДАҒЫ КІСІ ӨЛІМІН ЯНУКОВИЧ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Украина бас прокуроры Виктор Шокин Украинаның бұрынғы президенті Виктор Януковичтің 2014 жылы ақпанда Киевте жаппай халық толқулары кезіндегі демонстранттар өліміне қатысы бар екенін мәлімдеді.

Шокин бұл туралы 7 ақпан күні украиналық "Интер" телеарнасына берген сұхбатында айтты. Оның сөзінше, Януковичке қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. Шокин бұған қоса, Украина шығысындағы қарулы қақтығыс аяқталған соң, Янукович жауапқа тартылады деген үміті бар екенін білдірді.

Киевтегі Тәуелсіздік алаңындағы (Майдан) наразылық акциялары 2013 жылы 21 қараша күні, Янукович үкіметі Еуропа Одағымен ассоциация туралы келісімге қол қоюды кейінге қалдырған соң басталған. 2014 жылдың қаңтары мен ақпанында белсенділер мен милиция қақтығысты. Украина денсаулық сақтау министрлігі мәліметі бойынша, қақтығыстардан 105 адам мерт болған. Украинаның қазіргі билігі Януковичті "демонстранттарға оқ атуға бұйрық берді" деп айыптайды. Януковичтің өзі кінәсін мойындамайды. Бұған дейін BBC-ге берген сұхбатында ол 2014 жылы ақпанда болған оқиғаларға жауапкершілікті "билікті басып алмақ болған радикалдарға" артқан.

Украина бас прокурорының Майдандағы кісі өліміне қатысты тергеу аяқталды деген мәлімдемесіне қарамастан, қазірге дейін бұл іс бойынша бірде-бір сот үкімі шыққан жоқ.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2787
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4522