Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3423 0 пікір 8 Ақпан, 2016 сағат 09:36

БҰҰ СОЛТҮСТІК КОРЕЯНЫ АЙЫПТАДЫ

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Солтүстік Кореяның әрекетіне жауап ретінде жаңадан ауқымды санкциялар салатынын мәлімдеді.

Шұғыл өткізілген Қауіпсіздік Кеңесінің шешімін Пхеньянның одақтасы Қытай және тағы 14 мүше мемлекет қолдады. Мұның алдында ғана Солтүстік Корея алыс қашықтыққа жететін зымыран ұшырған болатын. Елдің мемлекеттік телеарнасы Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның бұйрығымен «орбитаға жер серігін шығару» мақсатында жасалған зымыран ұшыру «толығымен сәтті» жүзеге асқанын хабарлаған.

АҚШ, Жапония және Оңтүстік Кореяның өтінішімен жиналған Қауіпсіздік Кеңесінің жиыны жабық есік жағдайында өтті. АҚШ-тың БҰҰ жанындағы өкілі Саманта Пауэрдің айтуынша, қосымша санкцияларды қарастыратын жаңа қарар тезірек мақұлдануы тиіс және ол Пхеньян күтпеген «бұрын-соңды болмаған » шаралардан тұруы керек. Қытайдың өкілі Ли Хуэй қарардың мақсаты «егесуді азайту және түйткілді келіссөздермен шешу жолдарын іздестіру» болуы керектігін мәлімдеді.

Солтүстік кореялық телеарналар Кванменсон-4 жер серігі қазіргі таңда әр 94 минут сайын Жерді толық айналып ұшып жүргенін хабарлауда. Бірақ сарапшылар бұл шараны БҰҰ қарарларымен тыйым салынған ядролық оқтұмсықтарды алып ұша алатын балллистикалық зымырандар сынағын бүркемелеу деп санайды. Биылғы қаңтарда Пхеньян сутегі бомбасын сынақтан өткізгені туралы мәлімдеген еді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435